Төрт өңірде ескерту жарияланды
Төрт өңірде ескерту жарияланды
105
оқылды
Елімізде төрт облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 29-30 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. 29 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. 29-30 қыркүйекте түнде және таңертең Петропавлда тұман түседі. 29 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 29 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. Ертең түнде Қарағанды қаласында тұман түсуі ықтимал. 29 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.Ертең түнде және таңертең Көкшетауда тұман түседі. 29 қыркүйекте Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23 м/с жел соғады. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Ертең таңертең және күндіз Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел, шаңды дауыл соғады.