Ирактағы жаппай наразылықта 104 адам көз жұмды
Ирактағы жаппай наразылықта 104 адам көз жұмды
113
оқылды

Ирактағы жаппай наразылық шеруінен 104 адам қаза тапты, 6000-ға жуығы жарақта алды. Бұл туралы Al Arabiya телеарнасы хабарлайды.

Қаза тапқандарың сегізі полиция қызметкері болса, қалғандары – шерушілер.

Атап өтерлігі Иракта билікке қарсы наразылық шеруі жүруде. Бағдад және өзге де қала тұрғындары үкіметтің отставкаға кетуін, бар партияys4 биліктен кетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуды талап етуде. Дәрігерлер шеру салдарынан 113 адам көз жұмып, 4000-ға жуығы жарақат алғанын айтады. Олардың екі жүзге жуығының халі ауыр.

Қазір Иракта шерудің сәл тоқтағаны, жергілікті оқу орындары мен мемлекеттік органдар қайта ашылып, интернеттің іске қосылғаны хабарланады.

6 қазанда Ирак үкіметі халықтың әл-ауқатын жақсартамыз деп уәде берген еді.