Шымкентте 40 миллион теңге сыйақы алмақ болған қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Шымкентте 40 миллион теңге сыйақы алмақ болған қылмыстық топ мүшелері ұсталды
139
оқылды
Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде қала аумағында бір топ азаматтың алдын-ала сөз байласып, аса ірі көлемде іс жүзінде жұмысты орындамай, қызмет көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактура жазумен айналысқаны анықталды. Атап айтқанда, алдын-ала сөз байласқан 4 азамат 615 млн теңгені құрайтын жалған шот-фактураларды жазу үшін 40 млн теңге, яғни жалпы соманың 6,5%-ын  сыйақы ретінде алу үстінде ұсталды. Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 216 бабының 3-б. сәйкес кінәлі деп танылып, оларға 3 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Назгүл Назарбекова