Демографиялық саясатқа көңіл бөлінсе
Демографиялық саясатқа көңіл бөлінсе
174
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Жұрыновпен кездесу барысында Қазақстан ғылымын дамытуға, отандық әзірлемелерді өндіріске енгізуге, сондай-ақ ғылыми зерт­теулердің экономикалық тұрғы­дан мақсатқа сәйкестігіне қатыс­ты мәселелерді талқылады. Қазақстан Президенті отан­дық ірі өндірушілердің жұмысына ғылыми қолдау көрсетудің маңы­зын атап өтті. Оның пікірінше, ғалымдар мен бизнес өкілдерінің тығыз ықпалдастығы иннова­цияларды енгізіп, экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жал­пы, ғылым еліміздің экономи­ка­сына қызмет етуі тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Қа­зақстан ғылымын дамытуға, отандық әзірлемелерді өндіріске енгізуге, сондай-ақ ғылыми зерт­теулердің экономикалық тұрғы­дан мақсатқа сәйкестігіне қатыс­ты мәселелер талқыланды. Ұлттық ғылым академия­сы­ның президенті Мемлекет бас­шы­сының адами капиталды қол­дауға, білім мен ғылым сала­сына инвестиция тартуға, эконо­миканың технологиялық және бәсекеге қабілеттілік мүмкіндігін арттыруға байланысты Жолдауда айтқан бастамаларын қолдай­тынын жеткізді. Сондай-ақ қоғам қайраткері Қайрат Жолдыбайұлымен кездесуде демографиялық саясат, өскелең ұрпақтың рухани-адам­гершілік тәрбиесі және еліміздегі балалар әдебиетін дамыту мәсе­лелері талқыланды. «Альтернатива» өзекті зерт­теулер орталығының директоры Андрей Чеботарев Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жол­дауында айтылған баста­маларына қолдау білдірді. Атап айт­қанда, ауыл әкімдерінің тіке­лей сайлауын өткізудің маңызы еліміздің саяси трансформация үдерісіндегі тағы бір оң қадам еке­нін айтты. Сонымен қатар кез­­десуде жергілікті өзін-өзі бас­қару ісін одан әрі дамыту, мем­лекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесін жақсарту, мүлік мен­шік­терінің бірлестігін құру және оның қызметі жө­ніндегі ұсы­ныстар қарас­ты­рылды.