Праймериз барысын қадағалады
Праймериз барысын қадағалады
107
оқылды
Ол алдымен Қарасу, Ман­кент, Арыс ауылдарында әзір­леніп жатқан дауыс беретін орындардың жай-күйімен та­нысып шықты. Жалпы, бүгінде Сайрам ауданында 12 дауыс беретін орын белгіленген. Оның бесеуінде, яғни Ақбұлақ, Арыс, Көлкент, Құтарыс, Қайнарбұлақ ауылдарында дауыс беру кезеңі бюллетень арқылы өткізілмек. Бюллетень арқылы дауыс беретін мүшелер саны 1 538 болса, 5 448 партия мүшесі онлайн жүйеде дауыс беруге мүмкіндік алып отыр. Осы жайттарды ескерген Бейсен Дәулетұлы аудандық ұйымдастыру комитетінің төра­ғалары мен бастауыш партия ұйымдарының басшыларымен де арнайы кездесіп, өзара пікір алмасты.
– Праймериздің ең күрделі әрі маңызды сәті – дауыс беру кезеңі. Сондықтан дауыс беру орындарындағы дайындықты күнделікті қадағалап отырған жөн. Ең бастысы – безендірілуі, құрал-жабдықтармен қамта­ма­сыз етілуі жоғары деңгейде орын­далуы қажет. Сонымен қа­тар жарықтың өшпеуін, ком­пьютерлердің қалыпты жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауға тиіссіздер. Праймеризде белгілі бір үміткерге қолайлы жағдай жасап, көмектесуге тыйым са­лынады. Бізге өз қабілетімен, еңбегімен ел сеніміне ие болған азаматтар керек, – деді Бейсен Тәжібаев.
Айта кетейік, бүгінде Сай­рам ауданында 12 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Аудандық филиалда 6 986 мүше тіркелген. Олардың барлығы дерлік праймериз сайтындағы тіркеуден өтіп отыр. Жалпы, 79 үміткер праймеризде өзара бақ сынауда. Түсте сапар Төлеби ауда­нында жалғасын тапты. Ау­дан­дық мәдениет үйінде, Сұл­танрабат ауылындағы «Сұлтанбек ата» мейрам­хана­сында, Ленгір қала­сындағы «Тау» кафесінде орналасқан дауыс беретін орын­дардың дайындығы тексерілді. Төлеби ауданында 14 дауыс беру орны белгіленсе, соның 4-інде бюллетень арқылы дауыс беріледі деп күтілуде. Сапар соңында Бейсен Тәжібаев бастауыш партия ұйы­­­мының төрағалары мен ұйым­­дастыру комитетінің мү­­ше­­лерімен кездесіп, прай­ме­риздің дауыс беру кезеңіне де­ген да­йын­дығын саралап шықты. Кездесуге қатысқан БПҰ төра­ғалары, ел ағалары биыл­ғы праймериздің мәні ерек­ше әрі қоғамды өзгертуге ба­ғыт­талған нақты қадам еке­ніне тоқ­талды. Партияның бұл бас­та­масы жер­гілікті мә­сли­хат­тардың беделін ғана емес, іскерлігін, кәсібилігін арт­­ты­рып, ел сенімі нығая тү­сетініне сенім білдірді.  

Әбілмансұр ЖАСАН