Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет ПРАЙМЕРИЗ

Үздіктер іріктелер уақыт таяды

Кеше «Nur Otan» праймеризіне тіркелген кандидаттардың жария пікірсайысына аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов қатысты.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 29, 2020
ПРАЙМЕРИЗ, Nur Otan, Жаңалықтар, Қазақстан
Atray
25
қаралым

Праймериз кандидаттарының кезекті дебатына келген «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі М.Досмұхам­бетов «Nur Otan» партиясы мүшелері мен праймериз кандидаттары ал­дында сөз алды.

«Қазіргі партия тарапынан өтіп жатқан праймериз партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылғы 17 тамызда өткен кеңей­тілген саяси кеңес отырысында берген «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясы­ның 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы аясында партияға «қайта жандан­дыру» тапсырмасынан туындайды. Прай­мериздің негізгі мақсаты – пар­тияішілік сайлауда өндіріп іс ат­қара­тын, ел алдына шығар көшбас­шыны таңдау. Праймериздің міндеті – «Мықты лидерлер – мықты пар­тия» қағидаты бойынша шынайы және мықты көшбасшыларды партия қатарына тарту. Кандидаттар облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді көтеріп, нақты шешу жолдарын ұсынатындарына сенім­дімін. Әр кандидаттың сайлауалды бағдарламалары партия платфор­масына, Президент Жолдауына және облыстық партия сайлауалды бағ­дарламасына негізделген. Сондық­тан тартысты, әсерлі пікір сайыс күтеміз», – деп кандидаттарға сәт­тілік тіледі.

«Теңізшевройл» компаниясының менеджері, Қазақстанның Еңбек Ері Руслан Қуатов, «Қазақстан Жилстройбанк» АҚ-ның Атырау облыстық филиалының директоры Нұрбол Құрман, Атырау музыка колледжі «Д.Нұрпейісова атындағы Халықтық музыка Академиясының» директоры Гүлнара Садуахасова, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Атырау магистральдық желі бөлімшесі филиалы директоры, «Құрметті теміржолшы» Елеубай Сапаров, С.Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінің жастар саясаты мен мәдениеті бөлімінің жетекшісі Абылай Құрметұлы, «Фатима Групп» ЖШС директоры, өзін өзі ұсынушы кандидат Фатима Тулеева қатысқан жарыссөз олардың әрқайсысының да мақсаттарын жүзеге асыруға деген ниетін аңғартты. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрына келген партия мүшелері жарыссөзге қатысушы кандидаттардың бағ­дарламалары мен сауалдарға берген жауаптарын ықыласпен тыңдап, қолдау білдірді.

Жеке бақылауға алынды

Бейнебайланыс форматында өткен қабылдау

Miras кеңесіндегі кезекті ойлар

Жарыссөз сәтті аяқталып, аймақ басшысы тартысты, әсерлі пікір­сайыс өткізе алған кандидаттарға сәттілік тіледі. Партия мүшелері 1-3 қазан аралығында дауыс беруге белсенді қатысып, дұрыс таңдау жасайтынына сенім білдірді.

Айтар болсақ, Атырау облысы бойынша партияішілік іріктеу – праймеризге 408 адам ұсынылып, оның 404-і кандидат ретінде тіркелді. Сондай-ақ белгілі себептерге бай­ланысты 4 кандидат праймериз науқанынан шығарылып, бүгінгі күні 400 кандидат жұмыс жүргізуде. Праймериз ережесіне сай үгіт- насихат жұмыстарының бірі – жария пікір­сайыс. Пікірсайысқа қатысу канди­даттар үшін міндетті және маңызды. Осы мақсатта облыс бойынша 39 жария пікірсайыс өтетін орындар дайындалды. Дебатқа қатысушы кандидаттарға жеребе ұйымдасты­рылып, 70 пікірсайыс өткізу кестесі бекітіліп, өтетін ғи­мараттардың материалдық-техни­калық жаб­дық­тарын қамтамасыз ету мен санитарлық талаптарға сәй­кестендіру бойынша жұмыстары жүргізілді.

Атырау облысы бойынша 53 пікірсайыс өтіп, оған 310 кандидат қатысты. 30 қыркүйекке дейін 17 пікірсайыс өткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда облыс, қала және аудандық партия филиалдарының сайлауалды бағдарламаларының жобалары бар, кандидаттар партия мүшелерімен кездесулер барысында ұсыныстар мен аманаттар жинақ­талды. Бұл ұсыныс-тілектер бағдар­лама жобаларына енгізіледі.

 

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
Атырау облысы

 

 

 
Тегтер: Nur OtanкандидатМахамбет Досмұхамбетовпікірсайыспраймеризүздіктер
Алдыңғы жаңалық

Құс тұмауы: ет пен жұмыртқа қымбаттай ма?

Келесі жаңалық

Вакцина үшін 500 мың акула құрбан болуы мүмкін

Ұқсас жаңалықтар

Жалғас Жұмағұлов
Жаңалықтар

«Ел туын биік көтере алмадым»– Жалғас Жұмағұлов

Қаңтар 26, 2021
410
Жаңалықтар

Табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған

Қаңтар 26, 2021
Доллар
Жаңалықтар

Доллар бағасы қымбаттады

Қаңтар 26, 2021
вакцина
Жаңалықтар

Облыстың бас санитары мен басқарма басшысы бірінші болып вакцина салдырады

Қаңтар 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ел туын биік көтере алмадым»– Жалғас Жұмағұлов

Қаңтар 26, 23:50

Табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған

Қаңтар 26, 23:26

Доллар бағасы қымбаттады

Қаңтар 26, 22:49

Облыстың бас санитары мен басқарма басшысы бірінші болып вакцина салдырады

Қаңтар 26, 22:33

Садриддин Ахмедов төрт титул үшін айқасқа түседі

Қаңтар 26, 21:54

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Қаңтар 26, 21:32

Полицейлер есірткі сататын 250-ге жуық сайтты анықтады

Қаңтар 26, 21:05
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Жалғас Жұмағұлов

«Ел туын биік көтере алмадым»– Жалғас Жұмағұлов

Қаңтар 26, 2021
410

Табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған

Қаңтар 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»