Вакцина үшін 500 мың акула құрбан болуы мүмкін

Вакцина үшін 500 мың акула құрбан болуы мүмкін

Акуланың бауырында, негізінен косме­тикада қолданылатын «сквален» деп аталатын майлы элемент бар. Сонымен қатар ол кейбір вакциналарда да қолданылады екен. Осыған дейін GlaxoSmithKline компаниясы скваленді пайдаланатынын мәлімдеген. Алайда фар­мацевтикалық компания препараттың мил­лиард дозасын жасау экологиялық апатқа әкелуі мүмкін деген пікірде. Америкалық Shark Allies ұйымының са­рапшылары сквален негізіндегі вакцина пайда болса, әр адамды вакцинаның бір дозасымен қамтамасыз ету үшін 250 000  акуланы өлтіру керегін айтады. Алайда кей­бір ғалымдар халық арасында им­мундауды жүргізу үшін екі доза керек болуы мүмкін деп санайды. Демек, ол үшін 500 000 акуланы өлтіру керек. Shark Allies ұйымы акулалар балық аулауға және балық майын өндіруге қатысты ережелері жоқ аумақта ауланатынын жеткізді. Сондай-ақ мамандар вакцинаны жасаушылар акуланың бауы­рынан алынатын скваленді өсімдік анало­гынан артық ба­ғалайтынын атап өтті. Себебі ол 30 пайызға арзан екен. «Акуланың бауыр майынан скваленді алу арзан және оңай», – дейді Shark Allies ұйымы. Shark Allies негізін қалаушы Стефани Брендл фарма­цевтикалық ком­пания вакцина өндірісін бәсеңдетуге немесе оны болдырмауға тырыс­пайтынын айтады.  

Исмаил ҚУАНЫШХАН