Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Құс тұмауы: ет пен жұмыртқа қымбаттай ма?

Қазақстанда тұмаудан қырылған құс көбейіп барады. Солтүстік өңірлерде кем дегенде 100 мыңнан астам қаз-үйрек пен тауық өлген. Бірнеше аймақта карантин жарияланды. Дендеген дерттің алқымнан алатын түрі бар. Бизнесті де, бұқараны да. Кейбір пессимистер теріскейдегі құс фабрикалары тұтастай жабылып қалуы мүмкін деп қара аспанды төндіреді. Ал мұның салдары мен салмағы ауыр. Мыңдаған адамның тұрмысы нашарлайды, жұмысынан айырылады, яғни бюджетке салық түсімі азаяды. Ішкі нарықта тапшылық болуы ықтимал. Оның кесірі халыққа қатты бататыны анық. Өйткені экономика заңдылығы бойынша жоқшылық қымбатшылыққа ұласады.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 29, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
kys timayi

© коллаж: Қуаныш Аман

106
қаралым

Бірақ экономист Ерлан Әбілдің пікірінше, үрейге бой алдыратындай үлкен дүрбелең бола қоймайды.

– Отандық өндірушілер ішкі нарықты қамти алмаса, Еуразиялық одақ елдерінен тауар импорттауға болады. Ресейден әкелінетін құс еті Еуразиялық одақтың тарифтерімен келеді. Шетелдік еттің құны біздікінен төмендеу. Сондықтан күрт қым­баттайды деу қиын. Ал жұмыртқа тез бүлінеді, тасымалдауы бар, сақтауы бар. Ол қымбаттауы мүмкін. Шетелдік тауар өндірушілер логистикасын тез-тез реттесе, қазіргі сақталады. Егер логистиканы дұрыс ұйымдастырмаса, карантин шектеулері алыс-берісті тежеп тастаса, баға өседі. Ондай жағ­дайда құс етін көп тұтынатын үйлер мал етіне көшеді, – дейді сарапшы.

Ал АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметовтің пікірінше, бұл індет құс еті мен жұмыртқа құнына онша әсер ет­пейді.

– Қазір Қазақстанда жұмыртқа өндірумен 35 құс шаруашылығы ке­шені айналысады. Олар қуаттылығы ішкі нарықты толық қамтып отыр… Отандық құс фабрикалары жыл сайын  5 миллиардтан астам жұмыртқа өн­діреді. Ішкі нарықтың қажеттілігі 106 пайыз қамтамасыз етілген, – дейді шенеунік. Е.Ахметовтің ай­туынша, биыл жұмыртқа бағасы был­тырғымен салыстырғанда бес пайыз арзандаған.

Қазақ ұлттық аграрлық уни­верситеті Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі Шоқан Әлпейі­совтің ойынша, құс өнімдерінің бағасына құс тұмауы онша әсер етпейді.

Қазақстанда ет бағасы қымбаттады

Құс тұмауратса, емделмейді

Құс тұмауынан қырылған үй құстары үшін қанша өтемақы төленді?

– Бұл бірінші тұмау емес. Соңғы 10-15 жылда екі-үш рет осын­дай эпидемиялар жүріп өт­кен. Ірі фабрикаларға әлі вирус жеткен жоқ. Себебі фабри­калар жекеменшік қожалықтар сияқты құсты жайылымда ұстамайды, жабық қорада бағады. Жабайы құстармен байланысқа түсір­мейді. Әртүрлі ауруға қарсы вак­циналау жұмыстарын жүргізеді. Егер де бір себептермен ауырған бір көгершін фабрикаға кіріп кетсе, жұқтырады. Мысалы, Сол­түстік Қазақстан об­лысы Қы­­зыл­­жар ауданындағы «Бес­көл» құс фабрикасында тұмау жабайы қаздан жұғып, біраз құс ауырып өліп қалды. Сондықтан індет фабрикаларға тимесе, қым­бат­шылық бол­майды. Құс өнім­дерінің бағасы негізінен жем-шөпке байланысты. Өнім­нің өзіндік құнын есепте­генде 70 пайыз шығыны жемшөпке жұм­салады. Биыл бидай, арпа қым­баттаса, онда баға шарық­тауы ғажап емес, – дейді про­фессор.

Рас, құс тұмауынан кейін са­ла мамандарын мазалайтын бас­ты мәселенің бірі –  жем баға­сы. 3 жыл бұрын құс өсірушілер би­дай­дың бір тоннасын 40 мың тең­геге сатып алатын. Биыл «Азық-түлік келісімшарт кор­по­ра­циясы» бидайдың тоннасын 80 мың теңге төңірегінде бекітті. Отандық кә­сіп­керлерге өнімді қымбаттату тиімсіз. Біздегі баға көтерілсе, ішкі нарықты Ресей тауар­лары жау­лайды. Кезінде ірі құс фаб­ри­­ка­ларына бір жұ­мыртқаға 3 теңге субсидия бөлі­нетін. Биылдан бас­­тап бұл сома екі есе қысқарды. Ал құс етіне суб­­сидия бұрынғы деңгейде тұр.

Қазақстан Жұмыртқа өнді­рушілер қауымдастығының бас­шысы Максим Божко: «дүкен­дерде тауық еті мен жұмырт­қа­ның бағасы баяғыдай», – дей­ді. Егер құс тұмауын жедел жең­­сек, қым­батшылыққа ұрын­байды екенбіз.

– Құстар 10 пайыздан артық қырылмаса, құс еті мен жұ­мыртқа құны көтерілмейді. Одан асып кетсе, әрине  қымбаттайды. Алай­да халықтың төлем қабілетін де қаперде ұстау қажет. Құс етінің ба­ғасы сиыр,  қой етімен теңессе, біз тұтынушысыз қаламыз, – дейді Максим Божко.

Кеше ғана Шымкенттен бір танысым хабарласты.

– Өткен аптада біз жақта жұ­мыртқаның бір талы 33 теңгеден еді. Кеше 38 теңгеге қымбаттады. Ал бүгін әйелім 40 теңгеден алып­ты. «Неге қымбат?» десе, сатушы «Солтүстіктен жұмыртқа мен тауық еті әкелінбей жатыр. Каран­тин» деп жауап беріпті, – дейді. «Дүкендерде тауық еті мен жұ­мырт­қаның бағасы баяғыдай» деген Божкоға сенесіз бе, әлде әр тиыны санаулы Шымкент тұрғы­­нына сенесіз бе, оны патша көңі­ліңіз білсін.

Айтпақшы, тағы бір нәрсені ескеру керек. Жұмыртқа баға­сы­ның өзгеруі – маусымаралық құ­былыс. Яғни, жыл сайын жаз мез­­гілінде жеміс-жидек пен көк­өністер кө­бейіп, жұмыртқаға сұ­раныс азай­­ғандықтан, баға ар­зандайды. Күз бен қыста сұраныс артқанда, баға қалпына келеді. Мамыр-тамыз айларында қыр­күйек-сәуір аралы­ғымен салыс­тырғанда, халық жұ­­мыртқаны екі есе аз сатып алады. Нарықтық эко­­­­­­­­номиканың заңына сәйкес, өндірушілер жазда жұмырт­қаны арзан баға­мен сатуға мәж­бүр. Тіпті, біраз шығынға да ұшырайды.

– Бірақ халық бағаның өске­ніне ғана мән береді, арзанға са­тылғанын ұмытып кетеді, – дейді Божко.

Ең бастысы, құс тұмауы адамға жұқпайды екен. Алда-жалда ар­зан-қымбатына қарамай құс өні­мін тұтынамын десеңіз, сақтық шараларын естен шығармаңыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі бойынша, бі­рін­­шіден, құс етін толық пісіріп жеген жөн. Жұмыртқаның сары­сын да жартылай шикі қылмай, әбден қуырып-қайнатқан дұрыс. Құс еті мен жұмыртқаны тоңазыт­қышта, өзге азық-түліктен бөлек сақтаған абзал.

 

Еркебұлан НҰРЕКЕШ

 

 

 
Тегтер: етжұмыртқақұсқұс тұмауыСолтүстік өңір
Алдыңғы жаңалық

Коронавирусқа шалдыққан адам саны 108 мыңға жуықтады

Келесі жаңалық

Үздіктер іріктелер уақыт таяды

Ұқсас жаңалықтар

Қайрат
Жаңалықтар

«Қайрат» ойыншысы бесінші мәрте «Әлемнің үздік қақпашысы» атанды

Қаңтар 27, 2021
Жалғас Жұмағұлов
Жаңалықтар

«Ел туын биік көтере алмадым»– Жалғас Жұмағұлов

Қаңтар 26, 2021
410
Жаңалықтар

Табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған

Қаңтар 26, 2021
Доллар
Жаңалықтар

Доллар бағасы қымбаттады

Қаңтар 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қайрат» ойыншысы бесінші мәрте «Әлемнің үздік қақпашысы» атанды

Қаңтар 27, 00:50

«Ел туын биік көтере алмадым»– Жалғас Жұмағұлов

Қаңтар 26, 23:50

Табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған

Қаңтар 26, 23:26

Доллар бағасы қымбаттады

Қаңтар 26, 22:49

Облыстың бас санитары мен басқарма басшысы бірінші болып вакцина салдырады

Қаңтар 26, 22:33

Садриддин Ахмедов төрт титул үшін айқасқа түседі

Қаңтар 26, 21:54

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Қаңтар 26, 21:32
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қайрат

«Қайрат» ойыншысы бесінші мәрте «Әлемнің үздік қақпашысы» атанды

Қаңтар 27, 2021
Жалғас Жұмағұлов

«Ел туын биік көтере алмадым»– Жалғас Жұмағұлов

Қаңтар 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»