Божко жетім балалардың үй кезегіне қатысты пікір білдірді
Божко жетім балалардың үй кезегіне қатысты пікір білдірді
165
оқылды

Қазақстандықтардың ішіндегі бірқатар санаттарға жататын – жетім балаларға, әскери қызметкерлерге, мемлекеттік қызметкерлерге баспана бөлу үлесін ұлғайту керек деп санайды Мәжіліс вице-спикері Владимир Божко. Бұл туралы ол бүгінгі Үкімет сағатында айтты.

«Нұрлы жер» бағдарламасы тектен тек пайда болған жоқ. Алайда кезекке назар аударсам деп едім. Жергілікті атқарушы органдардағы кезек 2016 жылдың 1 желтоқсанында 2,5 миллион адамды құраған. 2018 жылдың қаңтарында жергілікті атқарушы органдар мен Тұрғынүй құрылыс жинақ банкіндегі кезекте 2,8 млн адам тұрды», деді Божко.

Оның сөзінше ең маңызды шешімдердің бірі көпбалалы отбасыларға пәтер беруде бөлек кезек құру болды. Есесіне 2019 жылы 992 көпбалалы отбасы пәтерлі болған.

«Меніңше көпбалалы отбасыдан кейін пәтер кезегін сабырмен күтіп жүрген ол жетім балалар. Олар көшеге шықпай, кезектерін күтуде. Олардың кезегінде 61 397 бала бар. Оның ішінде 518 –і ғана пәтерлі болған. Кезекте тұрғандардың санымен салыстырып қарасақ бұл өте аз», - дейді Божко.