Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Бесіктен белі шықпай, қаруға құмар…

Жақында Ақтөбе облысының Темір ауданы Шұбаршы ауы­лында 8-9-сынып оқушылары төбелесіп, бұзақылық жазылған видео мессенджерлер мен әлеуметтік желілерге таралып кеткен. Аталған факт негізінде Қылмыстық кодекстің «Бұ­зақылық» бабы бойынша іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Артынша бір топ қыз жәбірленушіден кешірім сұраған. Ал Ақтауда 15 жастағы мас жасөспірім 58 жастағы әйелді әкесінің көлігімен үш рет қағып өткен. Кейін анасының қысымымен жәбірленушіден кешірім сұраған кө­рінеді. Ең қызығы, кәмелет жасына толмаған азаматқа көлік тіз­гінін ұстатқаны үшін көлік иесіне қарсы қылмыстық іс қоз­ғалса да, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені былай тұрсын, өмірге қауіп төндіргені үшін бұзақыны жауапқа тарту мәселесі әзірге белгісіз болып тұр. Жәбірленушінің қабыр­ғалары сынған, өкпесіне зақым келген. Жақындары 15 жастағы баланың қасақана адам қағып, үстінен үш рет өтіп, оқиға орнынан қашып кеткені үшін жауапқа тартылуын талап етіп отыр. Мамандар балалар қылмысы мен қатыгездігінің себеп-салдары тереңде жатыр дейді.  

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 29, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
tobeles
28
қаралым

 

АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ ТӨМЕН

Қазақстанда жасөспірімдердің құқық­бұзушылық фактілерінің статистикасын жүргізетін құзырлы органдардың мәліметтері бірыңғай емес. Мәселен, Ішкі Істер министр­лігінің мәліметі бойынша, елімізде соңғы жылдары балалар арасындағы қылмыс орташа есеппен 6 пайызға кеміген. Про­куратура керісінше жасөспірімдер арасындағы қыл­­мыс­тың өршіп тұрғанына алаңдайды. Құқықбұзушылыққа басты себеп­тердің бірі – отбасындағы жағдай, ата-аналардың ішім­дікке салынуы, әлеуметтік мәселелер, ішкі күйзеліс. Қылмыс пен әлеуметтік жағдай қаншалықты өзара байланысты? Қылмысты тек жағдайы төмен отба­сынан шыққан балалар жасай ма? Жоқ, соңғы өңірлік ста­тистика бұл стереотиптік көзқарасты да бұз­ды. Мәселен, Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәлі­метінше, қыл­мыс жасаған балалар­дың 52 пайызы толық әрі әлеуметтік жағдайы жақсы отбасыларынан шыққан болса, небә­рі 30 пайызының жағдайы төмен бол­­­ғаны анықталған. Мұның өзі материалдық жағынан жақсы қам­тылса да, тәрбие жағына мән бер­мейтін отбасылардың көптігін аң­ғартса керек.

Қызға таласқан екі жігіттің төбелесі қайғылы аяқталды

Павлодарда бұзақыларды ұстау сәті желіге тарап кетті – видео

Полиция «Алматы біздікі» деп оқ атқан күдіктілерді іздестіріп жатыр

Статистика бойынша, қылмыс жасай­тын­дардың 90 пайызы – ұлдар. Бұл қоғам­дағы ұлдардың психикалық және психо­логиялық доминантты жағдайынан бөлек, елімізде көбіне-көп қыз тәрбиесімен ерекше құл­шыныспен айналысу үрдісін көр­сетпей ме? Әдетте «Қызға қырық үйден тыю» дегенде, бұл мақалдың алдындағы «Ұлға отыз үйден тыю» деген жағын ұмыт қалдырамыз. Қа­рапайым мысал, кез келген аулада ұл­дар төбелесіп, бір баланың денесін көгертсе, ата-аналар «не бопты, ба­лам кәмелет жасына толмаған, жауап­қа тар­тылмайды» деп ойлайды. Мәселен, Ақ­таудағы жол-көлік оқи­ғасында да жасөспірімнің анасы жә­бірленуші тарапқа баласының кәмелет жасына толмағанын, сон­дық­тан жауапқа тар­тылмайтынын сеніммен айтқан сияқты. Бірақ бұл – құқықтық нигилизмнің асқынған түрі. Себебі Қазақстанның Қыл­мыстық кодексінде қылмыс жасаған уақытында 14 жасқа толған адам­дарды қылмыстық жауап­тылыққа тартуға негіз бола алатын отызға тарта бап бар.

Адвокат-заңгер Абзал Құспан қыл­мыстық жазаның мақсаты – адамды жазалап, мем­лекеттің кек алуы емес, болашақта мұн­дай қыл­мыстарды болдыртпау, алдын алу, қайталануына тосқауыл қою екенін еске салады:

– Ақтөбе қаласында болып жат­қан жағ­дай көпшілікке тарап кетті. Бұл жерде төбелескен балалардың жазасыз қалуы теріс әсер етеді. Өйт­кені басқа да ата-аналар «біздің бала­лар кәмелетке толмаған, бала­лық қылды» деп қарапайым түсі­нікпен отыра беруі мүмкін. Мә­селен, Қыл­мыстық кодексте адамға ауыр дене жарақатын келтіру, орта дәре­желі дене жарақатын келтіру 14 жас­тан бастап қылмыстық жауап­ты­лыққа тартылады. Ақтө­бедегі жағдай бойын­­ша айтсам, жәбір­ленушінің жарақаты орта дәрежеге жете ме, жетпей ме, біл­меймін. Бірақ орта дәрежедегі қылмыс болу үшін адам кем дегенде үш жұмадан артық ауруханада жатуы керек, белгілі бір органы жұмыс істемей қалуы керек. Сон­дай-ақ алдыңғы қатардағы үш-төрт тісі сынса да жауапқа тартылады. Негізі, мұны сот-медициналық са­рап­тама анық­тайды. Бұл жердегі жағдай бүкіл елдің алдында талқыға түс­кеннен кейін мектеп дирек­тор­ларын жа­залады. Бірақ мектеп дирек­тор­ла­рын не үшін жауапқа тарт­қанын түсін­беймін?! Әрине, мектеп ішінде болған оқиға болса немесе ди­рек­торлары көре тұра шара қолданбаса түсінер едім. Бұл жерде бірінші ке­зек­те  ата-анасын жауап­керші­лікке тарту керек. Ең болмаса, әкім­шілік жауап­кершілікке тарту мәсе­лесін қарастыру керек, – дейді.

Заңгердің айтуынша, жасөс­пірімдер арасындағы құқықтық нигилизммен күресте жаңадан бір нәр­се ойлап табудың қажеті жоқ. Бұрыннан қалыптасқан жүйе бар.

– Біздің судьялардың бір жаман әдеті – сот процестерінің жария бол­ғанын қаламауы. Жоғары сот төра­ғасы Жақып Асанов сот про­цесінің ашықтығын, жария­лылығын қамта­масыз ету туралы мәселені көп қозға­ған еді. Бізде сот процестері жария емес. Содан әрбір ата-ана өз баласын қорғап, «сот істі дұрыс қа­рамады» деп шығады. Содан ел-жұртта неше түрлі теріс әңгіме тарай­ды. Сот процестерін тәрбиелік мақ­сатта ашық жүргізу керек. Қазір әлеу­меттік желі арқылы бүкіл Қа­зақстан халқын қамтуға да болады. Қолданыстағы Қылмыстық про­цестік кодекске сәйкес, Жоғарғы соттың Қыл­­мыстық істер бойынша сот іс­тері­­нің жария­лылығын қам­тамасыз ету туралы арнайы қаулысы бар. Міне, бұл мәселе не заңға, не адам­гершілік қағидаттарына қарсы кел­мейтін қалыпты жағдай. Бірақ біздің судья­лар өз кәсіби біліктілігіне кү­мән­­дана ма, әйтеуір сот про­цестерін ашық жүргізуге қы­рын қа­райды, – дейді заңгер Абзал Құспан.

 

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ГРУЗИЯДАН ҮЛГІ
АЛАМЫЗ БА?

2019 жылы Қазақстанның құқық қорғау органдарының есебінде 7,5 мың жасөспірім тұрған. Балалар қылмысы қатігездігімен және себеп-салдарының жоқтығымен ерек­ше­­ленеді. Елімізде балалар құқын қор­ғау, отандық заңна­маны халықа­ра­лық стандарттарға сәйкестендіру бағы­тында бірқатар жұмыс жүргізіліп, Президент баста­масымен тиісті заң­дарға өзгерістер де енгізілген. Де­виант­тық мінез-құлықты балалар тұратын арнайы ұйымдардың атауын да өзгертпек. Соңғы жылдары елі­міздің билік органдары жем­­қор­лықпен күрес, полиция рефор­масы бойынша ғана емес, балалар қыл­мысын азайту ісінде де Грузияға бет түзеуге даяр. Грузия тәжірибесіне келсек, аса ауыр қылмыс түрлерінен басқа жағдайларда балаларды жаза­ламауға тырысады. Оларға екін­ші мүмкіндік беріп, психо­логтармен жұ­мыс жүргізіледі.

Жоғары санатты психолог Ал­магүл Алдабергенова «гаджеттер за­манында» әрі карантиндік жағдайда балалар түгілі, ересектердің жүйке жүйесін тоздыратын факторлардың көбейгенін айтады:

– Жасөспірімдердің әртүрлі жа­ман әрекеттерге баруының себебі отбасында ата-ананың балаға аз уақыт бөлуі деп есептеймін. Менің алдыма келген жасөспірімдерден де мұны көп естимін, «мені ата-анам түсінуге тырыспайды, бәрібір мені қолдамайды, сол үшін айтпаймын» деп ішкі жан күйзелісін шығармайды. Қыз балаға – анасының, ұл балаға – әкесінің аса қажет болатын кезі – осы жасөспірім шақ. Жасөспірімдердің күйзелісін гармондардың жоғары­лауымен байланыстырамыз. Бірақ бұл болуы қажет процесс. Жасөспірім шақтың да өтпелі екенін ұмыту бар. Бұл – жетілу кезеңі. Бірақ ата-анада «баламда жетілу кезеңі болып жатыр» деп қуану жоқ, – дейді.

Психологтың айтуынша, ата-аналар «балам ашушаң боп кетті, қа­шан бұл кезең бітеді» деп күтеді. Бірақ бұл кезеңде балаға көңіл бөлмеу, оны­мен сырласпау дұрыс емес. Сон­дық­тан балаға ата-анасының пікі­рінен гөрі өз қатарласының сөзі ақыл­дырақ, дұрысырақ көрінуі мүм­кін.

Жасөспірімнің қатысуымен бол­ған жол-көлік оқиғасына бай­ла­нысты Алмагүл Алдабергенова былай дейді:

– Мәселен, әкесінің көлігімен әйелді басып кеткен балада әйелге деген үлкен агрессия болуы мүмкін. Көбінесе бізде әкесіне деген өш­пенділікті басқа бір ер адамнан алу, анасына деген өшпенділікті басқа бір әйелден алу бар. Сондықтан онсыз да ашу-күйзелісте жүрген ба­лаға бұл әрекет қанағаттану процесі ретінде болып тұр. Мұның алдын алуға әбден болар еді. Егер кезінде  бала жақын­дарымен өзінің ішкі күй­зелісімен, жан тебіренісімен бөліс­кенде ашу-ыза сол жерде сыртқа шығып кетер еді. Ішкі бұлқыныс шықпаған соң, өкінішке қарай ол айналадағы адам­дарға зиянын ти­гізетін жолын таң­дады, – дейді. Психологтар да, поли­ция қыз­мет­керлері де ата-анаға бала тәр­биесіне ерекше көңіл бөліп, ба­ланың мінез-құлқындағы өз­геріс­терді мүлт жібер­меудің маңызын айтады. Егер бі­реудің тарапынан буллинг болса, мұны тек мектеп басшылығына ғана емес, құзырлы органдарға да хабар­­лау қажет. Бүгінде қатарластары қу­далап, ұрып-соғып, бопсалап жүрген әрбір бесінші оқиға ғана полицияға жетеді екен.

 

Кәмшат ТАСБОЛАТ

 

 

 
Тегтер: «Бұзақылық» бабы8-9-сынып оқушыларыбұзақылықжәбірленушіқарутөбелес
Алдыңғы жаңалық

Үш өңірде жұмыссыздар көбейді

Келесі жаңалық

«Коронавирустан қайтсек тірі қаламыз?» – Бас хатшының жауабы

Ұқсас жаңалықтар

оқушы
Жаңалықтар

Өнертапқыш оқушы вирустан қорғайтын ерекше маска ойлап тапты

Қаңтар 23, 2021
Әлия Әбсеметова
Жаңалықтар

Әлия Әбсеметова: Халықты толғандыратын мәселені шешуге атсалысамын

Қаңтар 23, 2021
Қостанай
Жаңалықтар

Қостанай облысында көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 23, 2021
Жұмағұлов
Жаңалықтар

Жұмағұлов – Альбази жекпе-жегінің уақыты өзгерді

Қаңтар 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өнертапқыш оқушы вирустан қорғайтын ерекше маска ойлап тапты

Қаңтар 23, 22:48

Әлия Әбсеметова: Халықты толғандыратын мәселені шешуге атсалысамын

Қаңтар 23, 22:13

Қостанай облысында көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 23, 21:48

Жұмағұлов – Альбази жекпе-жегінің уақыты өзгерді

Қаңтар 23, 21:20

Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер берілді

Қаңтар 23, 20:50

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын неге жұмсайтыны белгілі болды

Қаңтар 23, 20:24

Садриддин Ахмедов Геннадий Головкиннің биігіне жете алады – ESPN сарапшысы

Қаңтар 23, 20:06
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

оқушы

Өнертапқыш оқушы вирустан қорғайтын ерекше маска ойлап тапты

Қаңтар 23, 2021
Әлия Әбсеметова

Әлия Әбсеметова: Халықты толғандыратын мәселені шешуге атсалысамын

Қаңтар 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»