Қостанайда екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
Қостанайда екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
107
оқылды

Қостанай қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Орал көшесіндегі жанар-жағармай бекетінің маңында болған. «55 жастағы «Ока» көлігінің жүргізушісі 28 жастағы ер адам басқарған «Mercedes»-пен соқтығысқан. Салдарынан «Ока» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Осы дерек бойынша тергеп-тексеру амалдары басталды», - делінген полицияның баспасөз хабарламасында. Тағы бір жол апаты кеше сағат 13:00 шамасында Тәуелсіздік-Қайырбек көшелерінің қиылысында тіркелді. 68 жастағы «Hyundai Solaris» көлігінің жүргізушісі «Lada Granta»-ға жол бермей, жол-көлік оқиғасына себеп болған. «Lada Granta» жолаушысы дене жарақаттарын алды.