Экс-полицейге 10 жыл берілуі мүмкін
Экс-полицейге 10 жыл берілуі мүмкін
145
оқылды
Алматы облысы Қарасай ау­дан­дық сотында осы жол апаты­на қатысты қылмыстық іс бо­йынша сот талқылауы өтті. Істі судья Мәди Көшікбаев жүр­гізді. Полицияның бұрынғы қыз­меткері Азат Азаматовқа Қыл­мыстық кодекстің 345-бабы бойынша айып тағылып отыр. Ол 10 жылға дейін бас бостан­дығынан айырылуы мүм­кін. «25 мамырда таңғы сағат 5.20-да BMW автокөлігін тізгіндеген айыпталушы Азат Азаматов мас күйінде жылдамдықты асы­рып, блок-бекет пен полиция қыз­меткерлерінің көлігіне соғылған. Салдарынан екі полиция өкілі оқиға орнында мерт болды, үш­ін­­ші азаматқа бетонның ұшып кет­­кен бөлігі тиіп, ауыр жарақат алды», – деді прокурор. Азат Азаматов өз кінәсін мо­йын­дап, өкінетінін айтты. Ол жол апаты кезінде ұйықтап қал­ғанын, есінде ештеңе қал­мағанын жеткізді. «Жол полициясында жұмыс істейтін үш әріптесіммен сыра іштім. Олар – менің бұрынғы әріптестерім. Есімде басқа еш­теңе жоқ, есімді жисам, ауруханада жа­тырмын. Менің жол апатына кінәлі екенімді айтты. Оқиғаның қалай болғанын білмеймін», – деді ол. Осы жол апаты оқиғасы бол­ған кезде елдің назарын аударған бір мәселе – Азат Азаматов сол кезде полиция қызметкері қа­тарында жұмыс істеді ме, жоқ па деген сұрақ. Оқыс оқиға болғаннан кейін көп ұза­май ақ­парат тарап, тіпті Азат Аза­матовтың жартылай жалаңаш жатқан суреті де басылды. Көптің талқысына түскен жайдың бірі – осы. Өйткені айыпталушының үстінде полиция қызметкері формасы болған деген әңгімеге әлі нүкте қойылған жоқ. Бұл әң­гіме сот талқылауы кезінде  ай­тыл­май қалмады. «Барлық көршіңіз сол күні қызметтік форма киіп, қызметтік көлікте отырғаныңызды айтты. Бұл рас па?» деп сұрады қайтыс бол­ған полиция қызметкерінің жұбайы. «Жоқ» деп жауап берді Азаматов. Оқиға орнында мерт болған полиция өкілінің әйелі айыпталушының бұл сөзі шындыққа жанаспайтынын айтты. «Жұмыстан шығу туралы өтінішті 20 мамырда жаздым. 21 мамырдан бастап полиция қызметкері емеспін. Полицияда 2014 жылдан бастап еңбек ет­тім. Осы мерзімде маған тек бір ғана тәртіптік жаза қолданылды» деп жауап берді ол. Алайда жәбірленуші тараптың адво­каты Шолпан Нұрахметова құ­жаттарға сәйкес, Азаматовқа 6 жылдың ішінде төрт тәртіптік жаза қолданылғанын атап өтті. Бұл сотқа жол апатынан зар­дап шеккен үшінші полицей Ер­бұлан Сейдазым да қатысты. «Мен Алматы Полиция де­­партаментінде қызмет ете­мін. 18 наурыздан бастап қо­ғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында блок-бекетте жұ­мыс істедім. 24 мамыр күні кешке жұмысқа түстім. Келе­сі күні таңертең апат болды. Апаттан бірнеше минут бұ­рын жұмыс планшетін жол поли­ция­сы қызметкерлеріне беру үшін стансаға бардым. Көлікке жақындай бергенімде апат бол­ды. Есімнен танып, бірнеше күн­нен кейін ауруханада ояндым. Сол кезде ғана не болғанын тү­сін­дім», – деді сот залында по­ли­ция қызметкері. Полицей басынан жарақат алған, оған екі операция жасал­ған. Ол ауруханада бір ай жатты, қызметіне әлі оралмады. Адвокаттың «Айыпталушы­дан өтемақы талап етесіз бе?» деген сұрағына Сейдазым «Ойла­на­мын» деп жауап берді, себебі әлі де емделуі қажет. Ол айыпталушы Азаматовпен таныс болмаған. Сонымен қатар қаза тап­қан полицейдің әйелі айып­талушыдан баласын кәмелет жасына жеткенше асырау үшін 36 миллион теңге талап етті. Судьяның қойған сауалына жауап берген айыпталушы өзі­нің жұмыссыз екенін және кәмелет­тік жасқа толмаған бір баласы бар екенін айтты.  

ГүлнарГүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ