Өзінің айтуынша, егер сот залынан босап шықса, ұрланған миллиардтарды соңғы тиынына дейін қайтарып беруге дайын. Бұл туралы aikyn.kz тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Банк ісіне қатысты 700 томға арқау болған атышулы қылмыстық процестің ең соңғы отырысы өтті. Сот процесінде Жомарт Ертаев судьядан жазасын жеңілдетуді емес, бірден бостандық сұрады.Ертаевтың сыбайласы әрі басты күдіктілердің бірі Игорь Мажинов те кінәсін мойындап, соттан кешірім сұрады. Айыпталушы Игорь Мажинов: «Мен болған жағдайға қатысты кешірім сұрағым келеді. Қатты өкінемін, кешіріңіздер», – деді.Айыпталушы Жомарт Ертаев: «Үш жылдан астам уақыт қамауда отырғанымды, істеген ісіме өкінетінімді, шығынның едәуір бөлігін төлегенімді ескеріп, мені бостандығымнан айырмауыңызды сұраймын, құрметті судья! Ақшаны көріп, жолдан тайдым. Өкінгеніммен, еш нәрсе өзгерте алмаймын. Бірақ барлықтарыңыздан шын жүректен кешірім сұраймын», – деді.
Қазіргі Жомарт Ертаевқа 144 миллиард теңгені талан-таражға салуға көмектескен деген күдікпен 36 сыбайласы да тергеліп жатыр. Тергеу осымен үшінші жыл қатарынан жүргізілуде.