Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Шымкентте әлеуметтің әлеуеті басты назарда

Шымкент қаласының тұрғындарын әлеуметтік қорғау аясында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Олардың қатарында биыл үшінші мегаполисте өз кәсібін бастаушыларға «Бастау Бизнес» жобасы аясында 1 491 мемлекеттік грант беру жоспарланған. Бүгінгі таңда осынау жоба аясында 1 420 адамға грант беріліпті. Оның 901-і аз қамтылған отбасылардың мүшелері болса, 90-ы –көпбалалы аналар. Сонымен қатар әлеуметтік санатқа жататын аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері болып табылатын тағы 306 адам грант иегері атанған.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 29, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Shimkent
17
қаралым

Шымкент қаласы әкімдігі ха­лық­ты жұмыспен қамту орта­лығының бөлім басшысы Дәурен Дүйсебаевтың айтуынша, 1 қыр­күйектен бастап мемлекеттік грант саны көбейген. «Өз ісін бастағысы келетін шымкенттіктер үшін жағым­ды жаңалық бар. Шаһарда жаңа бизнес идеяларды жүзеге асырғысы келетіндерге қосымша 3 мың грант бөлініп отыр. Осыған байланысты 1 қыркүйектен бастап үміткерлердің құжаты қабылдануда. Қазіргі таңда аталған 3 423 орынға аз уақыт ішін­де 7 мыңға жуық қала тұрғыны құ­жат өткізді. Олардың құжаттары ко­миссияның қарауына ұсынылуда. Мәселен, биыл 1-2 қыркүйек күндері өткен комиссия отырысында 1 022 адамның өтініші бойынша оң шешім қабылданып, оларға мемлекеттік грант тағайындалды. Оның ішінде бү­гінгі күнге дейін 500 үміткерге гр­ант қаржысы аударылып қойды», – дейді бөлім басшысы.

«Бастау Бизнес» жобасы – нә­тижелі жұмыспен қамтуды және жап­пай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Ең­бек» мемлекеттік бағдарламасы шең­берінде жүзеге асып жатқанын еске сала кеткен жөн.  Жоба аясында өз бизнесін бастағысы келетін аза­маттар кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытылады. Орталық мамандары пандемияға байланысты биыл оқу онлайн режимде өтіп жатқанын айтады. Қатысушы  21 күндік оқуын тәмамдаған соң арнайы тест тап­сырады. Егер жақсы нәтиже көрсетсе, оған оқуды бітіргені ту­ралы сертификат берілмек.

Демек, сол сертификатты алған адамның грантқа үміткер атануға құқығы бар. Грант қайтарымсыз берілгенімен, мониторинг тобы қар­жының мақсатты жұмсалуын тек­серіп, қадағалап отырады. Яғни, бұл өз кәсібін бастаушы аза­маттарға берілген бірегей мүмкіндік. Осы орайда, биылдан бастап аз қамтылған отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылардың мүшелері, қоныс аударушылар мен қандастар «Бас­тау Бизнес» жобасының сер­тификатынсыз да грантқа тікелей үміткер бола алатынын айта кеткен жөн.

Қар ерітіп, су ішіп отыр

Науқас қызды зорлау ісіне қатысты интернат директорының орынбасары түсініктеме берді

Жабайы аңды пайдаланудан бас тартты

Бөлім басшысы қалалық жұ­мыспен қамту орталығында мем­лекеттік «Еңбек» бағдарламасы­ның да ұтымды іске асып жатқанын тілге тиек етті. Жыл басынан бері 8 айда осынау бағдарлама шеңберінде үшінші мегаполисте  20 471 адам жұмыспен қамтылған.

Бағдарламаның инфрақұрылым­ды және тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылықты дамыту есебінен аза­маттарды жұмыспен қамтуға ар­налған бірінші бағыты аясында Шым­кентте 3 196 азаматты тегін кәсіби оқуға жолдау жоспарланған. Бүгінде нақты 2 000 адам қысқа мерзімге кәсіптік оқытуға жолданса, 1 196 жан техникалық және кәсіби білімі бар кадрлар даярлауға жіберіл­ген.  Бұл дерек жоспардың 100 па­йыз­ға орындалғанын көрсетеді.

«Кәсіпкерлік бастаманы ынта­ландыруға арналған екінші бағыт бойынша 6 819 тұрғынға қолдау көрсетіледі деп жоспарланған бо­латын. Қазіргі таңда іс жүзінде 4 204 адамға қолдау шаралары көрсетілді. Оның ішінде «Бастау Бизнес» жобасы аясында жоспар бойынша 1 850 адам  кәсіпкерлік негізде оқытуға жіберілуі тиіс болса, орталық тарапынан оқуға 2 820 адам жолданды. Яғни,  жоспар артығымен орындалып отыр.  40 адамға шағын несие беріліп, 1 361 аза­мат мемлекеттік грант иегері ат­ан­ды», – дейді Дәурен Дүйсебаев.

Сонымен қатар, халықты жұ­мыс­пен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқыр­лы­ғын арттыру арқылы еңбек нары­ғын дамыту көзделген үшінші ба­ғытқа  жұмыспен қамту орталығы шым­кент­тік 22 790 адамды қатыстырамыз деп жоспарлаған. Алайда әзірге бұл бағытта 16 740 адам жұмыспен қамтылған.

Жалпы, жыл басынан бері ор­­талық тарапынан 5 755 азамат тұрақты жұмысқа орналасып, 313 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған. Олардың 2 099-ы жастар практикасы бағдарламасымен жол­данса,  4 494 жан ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған. Ал «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 4 079 адам жұмысқа тұрған.

 

Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы

 

 

 
Тегтер: «Бастау Бизнес» жобасы«Еңбек» бағдарламасыӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУәлеуметтің әлеуетіжұмыспен қамтуШымкент
Алдыңғы жаңалық

Бұрынғы әйеліне 2 баласын бергісі келмейтін ер адам іздестіріліп жатыр

Келесі жаңалық

Экс-полицейге 10 жыл берілуі мүмкін

Ұқсас жаңалықтар

Жалғас Жұмағұлов
Жаңалықтар

«Ел туын биік көтере алмадым»– Жалғас Жұмағұлов

Қаңтар 26, 2021
410
Жаңалықтар

Табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған

Қаңтар 26, 2021
Доллар
Жаңалықтар

Доллар бағасы қымбаттады

Қаңтар 26, 2021
вакцина
Жаңалықтар

Облыстың бас санитары мен басқарма басшысы бірінші болып вакцина салдырады

Қаңтар 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ел туын биік көтере алмадым»– Жалғас Жұмағұлов

Қаңтар 26, 23:50

Табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған

Қаңтар 26, 23:26

Доллар бағасы қымбаттады

Қаңтар 26, 22:49

Облыстың бас санитары мен басқарма басшысы бірінші болып вакцина салдырады

Қаңтар 26, 22:33

Садриддин Ахмедов төрт титул үшін айқасқа түседі

Қаңтар 26, 21:54

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Қаңтар 26, 21:32

Полицейлер есірткі сататын 250-ге жуық сайтты анықтады

Қаңтар 26, 21:05
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Жалғас Жұмағұлов

«Ел туын биік көтере алмадым»– Жалғас Жұмағұлов

Қаңтар 26, 2021
410

Табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған

Қаңтар 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»