Головкиннің соққыларынан кейінгі Деревянченконың фотосы жарияланды
Головкиннің соққыларынан кейінгі Деревянченконың фотосы жарияланды

Жексенбінің таңында Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко жұдырықтасты.

12 раундық жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік 1 раунда Геннадий қарсыласын нокдаунға түсірді. Кездесу аяқталған соң қос боксшы бірден ауруханаға жеткізілді.
Бәсеке барысында Сергейдің қабағы жарылғаны белгілі, алайда дәрігерлер ешқандай қауіптің жоқ екенін айтты. 
Тартысты бәсекенің ертесіне әлеуметтік желілерде Сергейдің фотосы жарияланды. Ол жерден боксшының екі көзінің айналасының қатты ісіп кеткенін байқауға болады.