Ауызсу мәселесі шешімін таппақ

Ауызсу мәселесі шешімін таппақ

Қызылорда қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, 2019 жылы Сабалақ елді мекенінің ауызсу жүйесі құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Ал тендер жеңімпазы атанған «Дәнекер» ЖШС  сметалық құжаттарға сәйкес 21 көшеге 21,02 км су құбырын жүргізді. Биыл 2020 жылы  қалған көшелеріне (2-кезеңге) толық ауызсу жүйелерін жүргізуге жоба-сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Енді ЖСҚ бойынша Сабалақ елді мекенінің көшелеріне 581 млн теңгеге 44,5км сыртқы ауызсу жүйесі, тұтынушыларға дейін 22,7км құбыр тарту жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қалалық бюджеттен 111 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, «Мелиоратор» ЖШС женімпаз атанды. Аталған елді мекеннің тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу сервистік желісін салуға бюджеттік өтінімді тиісті мемлекеттік органдарға жедел тапсыруға ұсыныс жасалды.  Сабалақ елді мекенінің тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу сервистік желісі толық іске қосылғанға дейін таза сумен қамтамасыз ету бойынша балама жолдарын қарастыру ұсынылды.  

А.ЖАСАН