Бұл туралы білім және ғылым министрі Facebook-тағы парақшасында жазды.
Министрдің хабарлауынша, бұл барлық мамандықтардың ішіндегі ең жоғарғы стипендия болады. Сонымен қатар педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл 70-ке көтерілді.«Президент тапсырасына сәйкес, педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлерге қойылатын талап күшейеді. Шәкіртақы мөлшері 42 мың теңгеге дейін көбейеді. Былтыр стипендия мөлшері 21 мың теңге болды. Президенттің тапсырмасынан кейін желтоқсан айында 26 мың теңгеге дейін өсті. Ал 1 қыркүйектен бастап болашақ педагогтердің степендиясы 42 мың теңге болды», – деп жазды министр.
«Педагог мәртебесі туралы заң аясында биыл «Алтын белгі» иегерлерінің арасында педагогикалық мамандықты таңдағандар саны 1,7 есе өсті. Көптеген бағыттар бойынша орташа балл 100-ден асты. Егер бірнеше жыл бұрын педагогикалық мамандыққа түсушілердің орташа балы 65-ті құраса және педагог мамандығы түлектер арасында көп сұранысқа ие болмаса, қазір жоғары балл жинаған мықты түлектер педагогикалық бағыттар бойынша оқуға түсе бастады», – деді министр.