«776 миллион теңге» – Қызылорда облысында қылмыстық топ ұсталды
«776 миллион теңге» – Қызылорда облысында қылмыстық топ ұсталды
116
оқылды

ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «СТОП ОБНАЛ» жедел-іздестіру шарасы аясында қылмыстық топты ұстады.

Комитеттің мәліметінше, ұйымдасқан топ жұмыс істемесе де, жалған шот-фактураларды жазған.

«Алдын ала есеп бойынша бюджетке келтірілген залал көлемі 776 миллион теңге. Қызылорда облысы бойынша ЭТД ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы 1,2-бөлігі бойынша (қылмыстық ұйымды, ұйымдасқан топты құру, оны басқару және оның қызметіне қатысу) қылмыстық топтың басшысы және оның қатысушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады» делінген комитеттің хабарламасында.