Бұрынғы әйеліне 2 баласын бергісі келмейтін ер адам іздестіріліп жатыр
Бұрынғы әйеліне 2 баласын бергісі келмейтін ер адам іздестіріліп жатыр
110
оқылды

Прокуратура қызметкерлері сот шешімін орындамай қашып жүрген ер адамды іздестіріп жатыр.

«Ж. есімді азаматша өзінің бұрынғы күйеуінен 10 және 11 жастағы балаларын ала алмай жүр. Ана ретінде ол балаларын өзі қарауына алғысы келеді. Алайда бұрынғы күйеуі бұл ниетіне барынша кедергі келтіруде. Әйел алдымен сотқа жүгініп көргенімен оның бұл арызы қанағаттандырылмаған. Себебі қамқорлық құқығы әу баста ер адамға берілген» делінген Жеке сот орындаушыларының Нұр-Сұлтан қалалық палатасының хабарламасында.

Бірақ кейін аппеляциялық инстанция сот-психологиялық сараптама негізінде алдыңғы сот шешімін өзгерген. Психолог екі бала әкесінен қысым көріп жүргенін анықтадық деп мәлімдеген.

«Кейінгі үш жылда балалар әкесімен тұрып жатыр. Алайда соттың соңғы шешіміне сәйкес, олар анасына қайтуы керек. Алайда ер адам бұл шешіммен мүлде келіспей, пәтерден пәтерге көшіп, балалардың анасы мен сот орындаушылардан қашып жүр. Қазір мәселен бұл істі қолға алған төртінші сот орындаушысы тығырыққа тіреліп тұр. Өйткені ер адамға қазір іздеу жарияланған. Қазір ер адамды прокурорлар іздеп жатыр» делінген ресми хабарламада.