Шу аудандық прокуратура заңсыз ұйымдастырылған ойын бизнесінің ісін әшкереледі.
Оны ойын тәуелділігіне байланған азаматтардың заңсыз ісін қарау кезінде анықтаған.
Мәселен, ауданда қойма меңгерушісі 8 млн теңгені жымқырып, айналдырған 4-5 күннің ішінде букмекерлік кеңсеге апарып, спорт ойындарыныңы нәтижесіне тігіп жіберген. Ол үшін азамат 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Осыған ұқсас тағы бір деректе мал шаруашылығы қызметкері 5 млн теңгені қолды қылып, букмекерлік кеңсеге апарып жұмсаған.
Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасында букмекерлік кеңсе ісімен тек бір ғана мекеме тіркеліп, заңды жұмыс жасап жатқан. Уәкілетті органдармен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, дүкенде және қонақ үйде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың екі фактісі анықталды. Онда 15 компьютер мен 13 процессор тәркіленді. Кінәлі адамдар ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотқа жолданды.