Қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты ұзарды
Қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты ұзарды
135
оқылды

Алматы көлік холдингінің хабарлауынша, 29 қыркүйектен бастап Алматы қаласының қоғамдық көлігі 6:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, бұған дейін қаладағы қоғамдық көліктер таңғы 6:00-мен кешкі 22:00ге дейін жұмыс істейтін еді.

Сондай-ақ қыркүйек айынан бастап тұрғындардың өтініші бойынша, Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік, оның ішінде метро да жұмыс істей бастады.