Кәсіпкерлік қолдаудан кенде емес
Кәсіпкерлік қолдаудан кенде емес
178
оқылды
Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму бас­қармасының мәліметінше, «Биз­нестің жол картасы – 2025» бағдарламасына  – 9,1 миллиард теңге, «Еңбек» бағдарламасы ая­сында қалаларға  – 279,5 миллион теңге, ауылды жерлерге 6 миллиард теңге бөлінген. Бұлардан басқа да бағдарламалар бойынша түрлі грант беріліп, жеңілдікпен қаржылар қа­рас­тырылуда. Сонымен бірге  Үкімет қа­был­даған дағдарысқа қарсы ша­ра­лардың арқасында облыста 118 875 кәсіпкерлік субъектілері са­лық­тық жеңілдіктерге ие болды. Ал несие алу үшін берілген  641 өтінімді қарау кейінге қалдырылды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге түсіндіру жұ­мыс­тары жүргізіліп, аймақтағы кәсіп­орындарды қолдаудың дағдарысқа қарсы жоспары жасалуда. Былтыр  Алматы облысында шағын және орта бизнестің үлесі 2018 жылмен салыстырғанда 33,6 пайызға дейін өсті. Шағын және орта бизнес саласында 2020 жылдың қаңтар-наурызында 251,5 мың адам жұмыспен қамтылған. 2019 жылдың соңында өндіріс көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 7 пайызға өсіп, 1 535,6 миллиард теңгені құрады (2018 жылы 1 367,7 миллиард теңге). Ал ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы осы саладағы өн­діріс көлемі 260,7 миллиард тең­гені құрады. Нақты көлем ин­дексі – 106,4 пайыз. Сонымен бірге  бірінші жартыжылдықта өндірістің болжамды көлемі 565,6 миллиард теңгені құрайды. Нақты көлем индексі – 100,5 пайыз. 2020 жылға арналған жоспар – 1 650,3 миллиард теңге. 2020 жылдың 8 айында бюджетке шағын және орта бизнестен  70 миллиард теңге түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 800 миллион теңгеге артық.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы