Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Мәдениет

Ақ құс, самға! Арманың алда…

К.Бәйсейітова атындағы  дарынды балаларға арналған музыка мектебінің  6-сынып оқушысы Қарақат Башанова Польшада өтетін Junior Eurovision байқауына қатысады. Ол әлемдік сында Forever әнін орындайды.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 29, 2020
Мәдениет, Жаңалықтар, Қазақстан
Karakat
66
қаралым

Иә, көрермендер Қарақат Алмас­қызын «Ақ құс» деп таниды. Өйткені ол Balapan арнасындағы «Ақ құс» сериалының саундтрегін орындаған-ды. Содан  ба,  Қарақат бүлдіршіндер арасында танымал. Оның бірде нәзік, бірде тылсым күшке ие дауысына кәрі де, жас та тәнті. Ұшқын Жамалбектің шәкірті композитордың бірсыпыра әнін орындап, қазақы нақышы бар әуенді бойға сіңіріп жүр. Ол бір сөзінде мұндай ән қазақ тілінің қаймағын сақтап, ұлттық колоритті бойға сіңір­етінін айтқан-ды.

«Мен мұңсыз, үнсіз, сенсіз мұ­ңаямын». Қарақат ұлттық іріктеуде осындай мә­тінде ән салды. Себебі әкесіне деген жан толқынысын қазылар алқасы мен тыңдарманға әнімен жеткізді. Финалға дейінгі іріктеуде шетелдің Stone Gold туын­дысын орындаған-ды. Ал ком­позиторлармен кездесуде әкесіне ар­нап ән салғысы келетінін Хамит Шанғалиевке айтқан екен.

«Бұл ән ішкі қазанымда қайна­ғанына ұзақ уақыт болған. Бірақ сырт­қа шығаруға жүрексіндім. Маған бір күш қажет болды. Ал Қарақат өзі­нің оқиғасын айтқанда, еріксіз көзіме жас келді. Өйткені мені де әнге, өнерге жетелеген әкем-ді. Кішкентай қыз сезімге толы туындының дү­ние­ге келуіне себепші болды», – дейді Forever әнінің авторы Хамит Шанғалиев.

2020: Қазақияны әлемге әйгілегендер

Қарақаттың жеңісі

Тоқаев Қарақат Башанованы жеңісімен құттықтады

Тарихы бар әнді айтқан Қарақат Башанова «әнді әкеме арнап емес, әкем естуі үшін орындаймын» деген-ді. Дәл солай болды. Композитор да, халық та «мұндай әнді орындау ба­рысында кішкентай қыз жылап қалар десті». Жоқ, Қарақат мұңға толы жанарымен, ішкі дүниесімен әуезді әнді тыңдарманның көкейіне жеткізді. Сөйтіп, қазылар алқасы мен көрермен тарапынан 25,9% дауыс жинап, Польшада өтетін Junior Eurovision-ге жолдама алды.

«Маған сенім артқан елдің үмітін ақтаймын» деген ол қазір қызу да­йын­дық жүргізіп жатыр. Ол 29 қара­ша күні Польша төрінде барын са­латынын айтты. Шетелдік Селин Дион, Бейонсе мен Тина Карольдің шығармашылығын сүйетін Қарақат Алмас­қызын алда жауапты сын күтіп тұр. Ал біз Қарақат Башановаға сәттілік тілейміз! Польша аспанында қанатыңды кең серпі, Ақ құс!

 

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

 

 

 
Тегтер: cамғаJunior Eurovision байқауыАқ құсҚарақат Башановамузыка мектебі
Алдыңғы жаңалық

Президент Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады

Келесі жаңалық

Бауыржан Байбек Қапшағайда «Nur Otan» праймеризіне қатысушылармен кездесті

Ұқсас жаңалықтар

коронавирус
Жаңалықтар

Елімізде өткен тәулікте 999 адам коронавирусқа шалдықты

Қаңтар 19, 2021
бала
Әлеумет

Балаға тіпті « тәйт» деуге де болмай ма?

Қаңтар 19, 2021
коронавирус
Жаңалықтар

Коронавирус: Нұр-Сұлтандағы ауруханалар 80% толы

Қаңтар 19, 2021
зейнет
Әлеумет

Бейнетінің зейнетін көрмей жүр

Қаңтар 19, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елімізде өткен тәулікте 999 адам коронавирусқа шалдықты

Қаңтар 19, 08:10

Балаға тіпті « тәйт» деуге де болмай ма?

Қаңтар 19, 08:00

Коронавирус: Нұр-Сұлтандағы ауруханалар 80% толы

Қаңтар 19, 07:51

Бейнетінің зейнетін көрмей жүр

Қаңтар 19, 07:30

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қаңтар 19, 07:02

Жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаған

Қаңтар 19, 07:00

«Поле чудесте» шырқалған «Сарыжайлау»

Қаңтар 19, 06:50
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

коронавирус

Елімізде өткен тәулікте 999 адам коронавирусқа шалдықты

Қаңтар 19, 2021
бала

Балаға тіпті « тәйт» деуге де болмай ма?

Қаңтар 19, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»