Медициналық мекемелердің басшылары қызметінен босатылуы мүмкін

Медициналық мекемелердің басшылары қызметінен босатылуы мүмкін

Онкологиялық көмек бойынша кешенді жоспарды орындамаған медициналық мекемелердің басшылары қызметінен босатылуы мүмкін.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Елжан Біртановтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.

Биыл 8 айда Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында асқынған обыр ауруына шалдыққандар саны өскені байқалады. Пациенттердің бес жылдық өмір сүру көрсеткіші бойынша Қарағанды облысында да нәтиже жақсы емес. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында кешенді жоспар толық орындалмаған.

Отырыста Денсаулық сақтау министрі облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың Денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына кешенді жоспардың міндеттеріне назар аудармай, оны орындамағандарға тиісті шара қолдануға кеңес берді. Қажет болған жағдайда КЖ индикаторлары мен қызметтерді орындамаған онкологиялық ұйымдардың басшылары атқарып отырған лауазымына лайық па деген мәселені көтеруді ұсынды.


Онкологиялық қызметті  дамыту  бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. А. Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленген. Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басты мақсаттарының бірі – кешенді жоспарды орындау.