Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева жаңа оқу жылы басталғалы бері елордада 6 оқушы коронавирус жұқтырғанын айтты.
«6 оқушы коронавирус жұқтырды. Біреуі кезекші сыныпқа барып жүріп жұқтырса, қалған бесеуі қашықтан оқыған», - деді Пралиева баспасөз мәслихатында.Оның айтуынша, байланыста болған адамдар тексеруден өтті. Мұғалімдер індетті жұқтырмаған.
«Барлығы тексерілді. Ешкімде індет анықталмады. Жалпы 13 бала мен 6 мұғалім тексерілді. Мектепте дезинфекция жүргізілді. Оқушылар мен мұғалімдер үй карантиніне жіберілді», - деді ол.