Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева елордада қатаң карантин қандай жағдайда енгізілуі мүмкін екенін айтты.
"Елордалықтар санитарлық сақтық шараларын сақтамайды, елемейді. Егер бұлай жалғаса берсе, коронавирусты жұқтыру көрсеткіші өсуі мүмкін. Біз онда наурыздағыдай обьектілердің жұмысын шектеп, қатаң карантин енгізуге мәжбүр боламыз. Сондықтан да барлық қала тұрғындарын санитарлық талаптарды сақтауға шақырамын", - деді Бас санитарлық дәрігер.Еске сала кетейік, бұған дейін ол елордада 6 оқушының коронавирус жұқтырғанын айтқан болатын.