Партия праймеризде ашықтық пен адал бәсекелестікті қамтамасыз етеді
Партия праймеризде ашықтық пен адал бәсекелестікті қамтамасыз етеді
104
оқылды
734 кандидат праймеризге қатыспайтын болды. Бұл туралы партия хатшысы Әлібек Әлденей өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады. 
"29 қыркүйектегі ахуал бойынша 734 кандидат тіркеуден шығарылды. 668 кандидат өз еркімен праймеризге қатысудан бас тартты. Өңірлік ұйымдастыру комитетінің шешімімен 64 қатысушының өтініші жойылды. Оның ішінде 27 қатысушы жария сайысқа қатысудан бас тартса,  4-еуі партия Жарлығын бұзып, әділетсіз саяси күрес жүргізгені үшін шеттетілді, 33-і бастауыш партия ұйымдарының пікірінен кейін тіркеуден шығарылды",- деп жазды ол.
Әлденейдің айтуынша, шағым мен өтініш, бұзушылықтарға мониторинг жүргізілуде. Оларға дер кезінде тиісті шаралар қолданылып жатыр.