Болгариямен ынтымағымыз жоғары
Болгариямен ынтымағымыз жоғары
171
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаев Болгарияның вице-президенті Илияна Йо­то­ваны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, оның ішінде Болгария президенті Ру­мен Радевтың Нұр-Сұлтанға келер жылғы сапарын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Болгария арасындағы жан-жақ­­ты қарым-қатынасты одан ары кеңейте беруге ниетті екенін білдірді.

Президенттің айтуынша, Қа­зақ­стан Болгарияға сауда-эко­но­ми­ка­лық әріптестік тұрғысы­нан да, Еуропа Одағымен өзара іс-қимыл ба­ғыты бойынша да қызығушылық танытады. Екі ел арасындағы қа­рым-қатынастардың дамуына хал­қымыздың ажырамас бөлігіне ай­налған болгар диаспорасының қо­сатын үлесі зор.

– Қазақстанның жерінде болгар хал­қының бесінші буыны өмір сүріп жа­тыр. Біз болгар халқына үлкен құр­метпен қараймыз. Болгариямен ара­дағы ынтымақтастығымызды жо­ғары бағалаймыз, екі ел арасындағы қарым-қатынас табысты дамуда, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан көшбасшысы қазір­гі уақытта Болгариямен өзара іс-қимылдарды жаңа сапалы дең­гей­ге көтеруге қолайлы жағдай қа­­­лыптасқанын атап өтті. Өз сөзінде Қа­сым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынастарға тың серпін бе­ретін перспективалы бағыттарды әзірлеу үшін Үкіметаралық комис­сия­ның жұмысын жандандыру маңыз­ды екенін айтты.

Өз кезегінде Болгарияның вице-пре­зиденті мемлекеттер арасындағы, оның ішінде Еуропалық Одақ бойын­ша да ынтымақтастықты одан ары дамытуға бейілді екенін білдірді.

Илияна Йотованың сөзінше, бү­гінде Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың қыркүйе­гін­дегі Жолдауында айтылған ау­қым­ды реформаларды жүзеге асыру жағынан үлкен жетістіктерге қол жет­кізді. Оның ойынша, аталған бағ­дарламаны іске асыру халықтың әл-ауқатын арттыруға, Үкімет пен азаматтық қоғам арасындағы диа­логты қалыптастыруға зор ықпал етеді. Болгарлық саясаткер Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы идеясына қызығушылық танытты.

Илиана Йо­това этносаралық келісімнің қазақ­стан­дық модельін жоғары бағалап, бол­гар диаспорасы Қазақстанның дамуына елеулі үлес қоса беретініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Болгарияның вице-президенті Павлодар облы­сы­на барып, онда жергілікті болгар эт­носы өкілдерімен кездесуді жос­парлап отырғанын айтты.