Таулы Карабахта қақтығыс жалғасып жатыр
Таулы Карабахта қақтығыс жалғасып жатыр
Таулы Карабахта ұрыстар жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24». Армения Қорғаныс министрлігі Арцрун Ованнисянның мәлімдеуінше, Әзербайжан күштері кезекті шабуылын бастамас үшін аймақтағы кей бекіністерді зеңбіректермен атқылауға көшкен. Баку болса Физули қаласын азат ету бағытында қимылдар жүріп жатқанын хабарлады. Және армян әуе күштерінің Әзербайжанның Дашкесян ауданын атқылағанын мәлімдеді. Бірақ Ереван бұл ақпарды жоққа шығарып отыр. Еске сала кетейік, жексенбі күні танылмаған Таулы Карабах өңірінде атыс басталып, ұрыс жүрді. Армения алғашқы қақтығыста Әзербайжан 200 сарбазынан айырылып, 30 танк пен 20 дроны талқандалғанын айтады. Бірақ ресми Баку тек бейбіт тұрғындардың қаза тапқанын ғана хабарлады. Ал танылмаған Таулы Карабах билігі болса 16 жауынгері өліп, 100-ден аса адам жарақат алғанын мәлімдеген.