Әйелдер ажырасуға неге жақын?
Әйелдер ажырасуға неге жақын?
1,553
оқылды
БҰҰ-ның зерттеуінше, елімізде жылдан-жылға ерлі-зайыптылардың ажырасуы көбеюде. Ұйымның мәлімдеуінше, некелескендердің 40 пайызы ажырасып жатыр. Әсіресе, ажырасу бойынша алдыңғы қатарда Солтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысы тұр. Артынан ілесіп, қалыспай келе жатқан Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары екен.

Осындай дәйектер ел ішінде үрей туғызатыны  рас. Сондықтан мәселенің бас-аяғын ашуға тырысып, осы салада жұмыс істейтін адвокат  Ерубай Ыдырысұлымен әңгімелескен едік.

ажырасу – Қазақстанның ажырасу бойынша ондыққа ілінгені жақсы дүние емес. Елдегі бұл жағдайды оңалту керек деп жар сала бастағанымыз сол еді. Пандемия басталып, бізді ғана емес, бүкіл әлемді дүрліктіріп жіберді. Сіздіңше пандемия ерлі-зайыптылардың ажырасуына қаншалықты әсер етті? – Ерлі-зайыптының некесін бұзуына пандемияның немесе карантиннің әсері қатты тиді деп үзілді-кесілді айта алмаймын. Бұл мәселені зерттеп-зерделегенім жоқ. Карантин кезінде отбасылар үй қамағында отырып қалды. Сол кезде жұптардың арасында сөзге келіп, ренжісуі, арасында бір-біріне ауыр сөздер айтып, кемшіліктерін бетіне басып, кикілжіңнің ушыққаны рас. Міне, сол жағынан алғанда кейбір ерлі-зайыптының ажырауына түрткі болды. Бірақ бәрі бірдей ажыраспады ғой. Отбасылардың шайқалуы тек осының кесірінен деп біржақты қарау дұрыс емес. [caption id="attachment_75928" align="alignnone" width="1024"]ажырасу ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Олардың айрандай ұйып отырған жанұясын бұзуына көбіне не итермелейді? Негізгі факторларын атап бере аласыз ба? – Некенің бұзылуына түрлі фактор әсер етеді. Соның ішінде материалдық жағдай бірінші орында тұр. Яғни, әлеуметтік жағдайдың нашарлығына көбіне шағымданатын әйелдер. Оларды да түсінуге болады. Бірінің күйеуі жұмыс істемей, үйінде бос жатса, енді бірі құмар ойындарға құмартып, ішімдік ішеді. Әйелінің табысына қарап отырғандар бар.

Ажырасудың екінші себебі – жарының көзіне шөп салуы. Бұл жерде жеңіл жүріске баратын ерлер ғана емес, қыз-келіншектер де бар. Арасында кейбірі отбасын тастап, екінші біреуге кетіп жатады. Үшіншіден, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық. Әсіресе, үйдің отағасы балаларының анасын ұрып-соғуы көп кездеседі. Ондай қадамға бірі ішімдіктің күшімен барып жатады.

[caption id="attachment_75929" align="alignnone" width="1024"]ажырасу ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Түкке тұрғысыз дүние үшін де ажырасады

– Ерлі-зайыптылардың арасында кейде түкке тұрғысыз дүниеге  келіспей, ажырасып жатады. Тәжірибеңізде осындай жағдай болды ма? – Ондай жағдай сирек, бірақ кездесетін жайт. Жастары 45-50-ге таяп қалған ерлі-зайыпты болды. Екеуінің отасқанына – 20 жыл. Үш баласы бар. Үлкені кәмелеттік жасқа келген, ал қалған екеуі – 13 пен 14 жаста. Ер-азаматтың өзі ішімдікті аузына алмайды, құмар ойынға да салынбаған. Ақшасын табуындай тауып отыр. Бала-шағасын өлердей жақсы көреді. Келіншегін ұрып-соқпақ түгілі қол көтерген емес. Ағайын-туғаны, ата-анасымен қарым-қатынасы жақсы, ортасында сыйлы азамат.

«Некеңізді неге бұзғыңыз кеп отыр, сізге не жетпейді?» деп әйелінен сұрағанымда «Күйеуім күні-түні жұмыста. Үйде отыра беруден ішім пысты, бір сарынды өмірден жалықтым.  Сыртқа шығып қыдырғым келеді, түнгі клубтарға барып сайрандасам деймін. Бір сөзбен айтқанда, әлі жаспын, көңіл көтергім келеді» дегені бар. Сот барысында әлгі азамат отбасын сақтап қалғысы келді. Соған орай судья да олардың ойлануына уақыт берген. Отбасын сақтап қалу үшін екеуі де бір-бірінің тілін табуы керек еді. Олардан бәлендей талпыныс байқалмаған соң, ақырында ерлі-зайыпты ажырасып кетті.

[caption id="attachment_75930" align="alignnone" width="1024"]ажырасу ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Онлайн ажырасу кімге тиімді?

Ажырасуға бекініп, арыз берген  жұптарға ойлануына қанша уақыт беріледі? – Ерлі-зайыпты некесін бұзуға ниетті болып, іс қозғалғанда заң бойынша оларға 6 ай уақыт беріледі. Судья алдына келген істің ақ-қарасын ажыратпастан шешімді бекіте салатын робот емес. Осыған қатысты сот басталғанда іске екіжақты қарап, ер-азамат пен әйелдің көзқарасын білуге, отбасын сақтап қалуға ниеті бар-жоғын анықтауға тырысады.

Бір айдан кейін ерлі-зайыпты қайта шақырып, шешімдерін сұрайды. Тәжірибемде 6 айға дейін ойланған жұптар болмады. Олар мәселесін 2-3 айдың ішінде шешіп алады. Көпшілігі татуласып, қайта табысып жатады.

[caption id="attachment_75931" align="alignleft" width="400"]ажырасу ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Қазір ажырасу процесі онлайнға көшкеннен бастап, ажырасулар азайды деп жатыр. Бұл рас па? – Процесс онлайнға көшкеннен бастап «ажырасу азайды» деуге негіз жоқ. Бұл оның жанама әсері. Себебі талап-арыз беру үшін компьютер керек. Оның өзі интернетке қосылуы тиіс. Электронды қолтаңбасымен сот кабинетіне тіркеліп, ажырасуға талап-арызын беруі керек. Өзіңіз білесіз, бізде бәрі бірдей электронды қолтаңбасын алып алған емес. Ауыл түгілі, қала тұрғындарының өзі мұндайды құнттамайды. Осындай ұсақ-түйектің әсерінен онлайн көрсеткіш аз көрсетілуі мүмкін. Әйтпесе, ажырасуға адвокат іздегендер де, онлайн тапсырып жатқандар да саябырсыған жоқ.  Карантиннан кейін тапсырамыз деп ойланып жатқандар тағы бар. [caption id="attachment_75932" align="alignnone" width="1024"]ажырасу ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Ажырасқанда дүние-мүлікті қалай бөліседі?

– Кейде жұптар ажырасып кетсе де, бір-біріне тыныштық бермей, мазасын алып жататын жағдайлар кездеседі. Мысалы, өткенде бұрынғы күйеуі әйелін жұмысынан алып кетіп, көлігінде пышақтап тастаған. Осындай істі жүргізгеніңіз бар ма? – Ерлі-зайыптының арасындағы келіспеушіліктің арты қайғылғы жағдайға әкеп жататыны аз емес. Жалпы, ажырасуды талап етушілердің басым бөлігі – әйел заты. Соның ішінде ер адамның 50 пайызы ажырасуды қаламайды. Егер әйел алған бетінен қайтпай, ажырасуға бел буса, сот оның талабын қабылдайды.

Міне, осындай кезде мұндай соққыны әр ер-азамат өзінше қабылдайды. Бірі бұрынғы келіншегінің көңілін тауып, қарым-қатынасын жақсартып, қайта қосылып жатады. Енді біреуі әйелін кінәлап,  ішімдікке салынып, өзін-өзі тастап жібереді. Ал бірі келіншегінің күнде хабарласып, артына түсіп, өміріне тыныштық бермей, мазасын алады. Арасында ұрып-соғатыны да, абайсызда қолын қанға бояйтыны да бар.  

[caption id="attachment_75933" align="alignright" width="523"]ажырасу ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Судья ретінде біраз қалаларда істегенімде алдымнан сондай істер өтті. Ал адвокат ретінде менде емес, әріптесімде ұқсас жағдай болған. Жұмысынан қайтып келе жатқан әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. Келіншектің денесін 70 пайызға дейін күйік шалған. 

Бұрынғы күйеуінің тарапынан зәбір көре бастаса, әйел бірден құқық қорғау органдарына хабарласып, арыздануы тиіс. Сол кезде оны қорғау үшін тыйым салу ұйғарымы шығарылады, ол заң жүзінде қадағаланады. Мұндай жағдайды уақытында елемей қойса, артынан өзі опық жеуі ықтимал.

[caption id="attachment_75941" align="alignnone" width="1024"]ажырасу ©Сурет интернеттен алынды[/caption] – Ерлі-зайыпты ажырасқан кезде олардың дүние-мүлкі қалай бөлінеді? Кімге көлік, кімге үй қалады? – Заң бойынша отасқан кезден алынған мүліктің түгелі ортақ болып саналады. Сондықтан әрбір мүлік екі жаққа теңдей бөлінеді. Сот сонда ғана шешім шығара алады. Ал кімге пәтер қалатынын екі жақ өздері шешеді. Үйді сатып, ақшасын теңдей бөліп алуы мүмкін.

Не болмаса пәтер әйелде қалып, күйеуінің бөлігін ақшалай қайтаруына болады.  Ал егер өзара шешілмесе, бұл бөлек мәселе ретінде сотта қарастырылады. Көлік айдап жүрген адамда қалып, екіншісіне оның бір бөлігінің ақшасын төлейді. Бір кездері бала кімде қалады, соған дүние-мүліктің пайыздық мөлшерлемесі көбірек берілуі тиіс деген норма бар. Бірақ бұл нәрсе менің тәжірибемде кездеспеді.

[caption id="attachment_75934" align="alignnone" width="1024"]ажырасу ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Балаға алимент қалай белгіленеді?

Отасқан жұптың жолдары екіге айырылғанда бала кімнің қолында қалады? Ол қай кезде таңдау жасауға құқылы? – Заң жүзінде бала  10 жасқа келгенде таңдау жасай алады. Алайда сот қамқоршылық органдарына тапсырып, психологтың қатысуымен баланың ойын білуіне болады. [caption id="attachment_75943" align="alignleft" width="469"]ажырасу ©сурет интернеттен алынды[/caption] – Балаға төленетін алимент қалай бөлініп, төленеді? – Алимент бойынша іс сотта қаралады. Немесе баланың әкесі мен шешесі «ай сайын осыншама беріп тұрасың» деп сотқа дейін келісіп алуына болады. Бірақ ондай жағдай бізде өте сирек. Өйткені ажырасқандар бір бірін көрместей болып кетеді. Заң бойынша күйеуінің қандай табысы болсын, соның төрттен бір бөлігі беріледі. Бұл – бір балаға берілетін алимент. Ал екі балаға үштен бірін беруі тиіс. Үш немесе одан көп бала болса көп бала болса, табысының жартысын төлейді. Бұйрық екі жақтың тараптарын сотқа шақырмай-ақ үш күннің ішінде шығарылады.

Сонымен қатар алименттің тағы бір түрі бар.  Ол – жұбайын асырап-бағу алименті. Егер ажырасқанда ананың қолында үш жасқа толмаған сәби болса, оның күтіміне байланысты үйде отырған әйелін асырап-бағуы тиіс. Бұл алименттің мөлшерлемесі күйеуінің табысына байланысты айлық есептік көрсеткішпен беріледі.

– Адвокаттың қызметі қанша тұрады? Мәселен, бір іспен айналысқаныңыз үшін сіз қанша сұрайсыз? – Нақты қатып қалған баға жоқ. Ол әрбір іске байланысты қарастырылады. Оның үстіне, әр адвокаттың бағалауы әртүрлі. Оған тәжірибесі мен кәсібилігін қосыңыз. Соған қарай әр адвокаттың қызмет ақысы әртүрлі болады.