Тұрмыстық жемқорлық төмендеп келеді
Тұрмыстық жемқорлық төмендеп келеді
165
оқылды

Алматыда Еуропадағы қа­уіп­­­сіздік және ынты­мақ­тас­тық ұйы­мының «Сыбайлас жем­қор­лық тәуекелдерін азай­ту­дағы цифрлы технологиялар­дың рөлі» атты өңірлік конфе­рен­ция­сы өтті.

Соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес саласында ауыз толтырып айтарлық жетістіктер болуымен қатар, бұл әлемнің көптеген елінде саяси жүйе мен қоғамда маңызды мәселе болып қалып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Алик Шпекбаев ЕҚЫҰ бас­қосуында сөйлеген сөзінде цифрлы технологияны енгізудің маңызы мен оның сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудегі рөліне тоқталды.

«Сыбайлас жемқорлық әлемнің қай түкпірінде болса да мемлекеттік институттарға сенімді тө­мен­детіп, демократиялық даму мен заң үстем­дігі қағидаттарын бұзады. Онымен табысты күрес – экономикалық өсімді қамтамасыз етудің, елдің әл-ауқатын арттырып, адам капи­та­лын дамытудың маңызды факторы. Жем­қор­лыққа қарсы мақсатты саясат сан қырлы. Мем­лекеттің қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігі, кәсіби мемлекеттік аппарат, заң­ның үстемдігі, мемлекеттік қызметтердің ашық­тығы мен қолжетімділігі, бизнесті және инвес­торларды қорғау сияқты бағыттар – осының ай­ғағы. Қазір жемқорлық деңгейін барынша төмендетуге бағытталған реформалардың жаңа пакетін дайындау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Цифрландыру – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабудың ең тиімді құралы. Оны халықаралық тәжірибе айқын көрсетіп отыр. Осы мақсаттағы сан қырлы кешенді шаралар «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Біз мемлекеттік басқару мен ұлттық экономиканы, бірінші кезекте мемлекеттік қызмет көрсету саласында автоматтандыру мен цифрландыруға басымдық бердік», – деді ол.

Алик Шпекбаев бүгінгі таңда Қазақстан Бі­рік­кен Ұлттар Ұйымының рейтингінде өте жо­ғары дамыған электронды Үкіметі бар елдердің сана­тына кіретінін айтып өтті. Сондай-ақ бұл күні Ақ­параттық технология құралдарын қабылдау есе­бінен мемлекеттік институттар қызметінің ашық­тығын күшейту мен азаматтардың ашық қаржылық басқаруға қолжетімділігі қамтамасыз етілуі қажеттігі айтылды.

Алдыңғы қатарлы елдер тәжірибесін зерттей келе ұлттық экономиканы цифрландыру жөнін­дегі бес негізі бағыттан тұратын мемлекеттік бағ­дарлама қабылданды. Олар адам капиталын да­мыту, инновацяилық экожүйе құру, цифрлы мем­лекетке өту, цифрлы Жібек жолын іске асыру, экономика саласын цифрландыру. Бұл бағыт­қа министрліктер, мемлекеттік органдар мен ұйым­дар іске асырып жатқан 120 шара кіретін 17 бас­тама жатады.

Халықтың әр категориясының цифрлы сауат­тылығын арттыру үшін жұмыстар жүр­гізілуде. Еліміз бойынша 1 000 тегін ІТ сынып ашылса, 686 адамға базалық құзырет (мобильді дағды, интернетпен жұмыс істеу, қауіпсіздік, мәліметтерді қорғау, тағы басқалар), 7,8 миллион адамға E-GOVERNMENT пен 765 мың адамға электрондық сауда жүргізудің әдіс-тәсілі үйретілді.

БҰҰ рейтингі бойынша, электронды үкіметтің даму деңгейі тұрғысынан Қазақстан өткен жылы азиялық елдер арасында үздік сегіздікке кірсе, жалпыәлемдік 193 мемлекет арасында 39-орынға табан тіреді. Электронды қызмет көрсетуден 25-орынға жетіп отыр.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарла­масын іске асыру шеңберінде мәліметтерді бірік­тіру мемлекеттік органдарға сол азаматтарға сал­мақ салмай-ақ өз бетінше қажет мәліметтерді алуына мүмкіндік тудырады. Статистика бойын­ша, барлық көрсетілген мемқызметтің 71 пайызы электронды түрде ұсынылған. Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарында – 16 пайыз. Демек, 87 пайыз мемқызметке «адами фактор» араласпаған. Бұл әрекеттер тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты айтарлықтай төмендеткен.

Ақпараттық технологияның көмегімен сы­байлас жемқорлықтың алдын алу үшін басқа да қадамдар жасалуда. Соның бірі – ашық бюд­жеттің интерактивті картасын енгізу. Бұл ТМД бойынша тамаша жоба болып саналады. Ақ­паратқа қолжетімділік, тиімді диалогтық тұғыр­нама құру адамдардың мемлекетке деген сені­мін арттырады. Халықаралық ұйымдар да сы­байлас жемқорлықты жою жөнінде қабылдаған қа­зақстандық шараларды жоғары бағалады.