Интернет еркіндігі бойынша 65 мемлекеттің ішінде Исландия 1-орында тұр. Сондай-ақ ТОП-5 елдің қатарына Эстония, Канада, Германия мен Австралия бар. Қазақстан тізімде 50-орынға жайғасқан. Бұл – ең төменгі көрсеткіштің бірі. Бір жыл бұрын 46-орында болған. ТМД елдерінің арасында Беларусь – 48-орында, Әзербайжан – 45-орында, Қырғыз Республикасы – 25-орында. Жалпы, рейтингте интернет қолжетімділігіне кедергілер, сайттарға шектеулер, соның ішінде сайттарды бұғаттау, цензура, пайдаланушының құқықтарын бұзу, атап айтқанда желідегі әрекеттерді, құпиялылықты бақылау тәрізді көрсеткіштер назарға алынған. Рейтинг шартты топтарды да қарастырған: тегін, жартылай тегін және ақылы интернет. Қазақстан тегін интернет тобына жатады.
Е.САЙЫН