Министрліктің хабарлауынша, 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 16 378 рұқсат бар. Рұқсаттың 637-сі бірінші санатқа (басшылар мен орынбасарлары), 3 481-і екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) берілген. Шетелден маман тартуға арналған рұқсаттардың басым көпшілігі үшінші (мамандар –7 617 адам) және төртінші (білікті жұмысшылар – 1 153 адам) санаттарға қатысты. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 792, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде 1 698 адам шақырылған. Қазіргі таңда Қазақстанда шетелден жұмыс күшін тартатын 1 803 жұмыс беруші бар. Оларда 454 379 мыңға жуық Қазақстан азаматы еңбек етеді, бұл – жалпы жұмысшылар санының 96 пайызы. Еңбек мигранттары негізгі шыққан елдер: Қытай – 3 579, Өзбекстан – 1 774, Түркия – 1 661, Үндістан – 1 266 және Ұлыбритания – 1 081 адам. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді.
Еркебұлан НҰРЕКЕШ