Мектеп басшысының өзі бетпердесіз жүр
Мектеп басшысының өзі бетпердесіз жүр
130
оқылды
«Қалада жалпы саны 91 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның ішінде 78-і мемлекеттік болса, 12-сі жеке және біреуі арнайы білім беру мекемесі. Карантин талабы бұзылған 31 мектеп тіркелді. Ол жерде директорлар мен мектеп мұғалімдерінен бастап, оқушылардың ата-аналары да бетперде тақпай жүргені анықталды. Яғни, қаладағы барлық мектептің 34 пайызында осындай жағдай орын алды», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева.
Бір мектептің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алдағы уақытта осындай тәртіп бұзған жағдай болса қалса, бұрынғы қатаң карантин режиміне көшуіміз де ғажап емес. Бұл туралы бас санитар атап өтті. Бас қалада 14 жасқа дейінгі балалар арасында COVID-19 жұқтырған 594 дерек тіркелген. Ал 15-17 жасар жасөспірімдер арасында болса, 75 факті белгілі. Мектепке дейінгі жастағы үш балада симптомсыз өтіп жатыр екен. Оқу жылы басталғалы бері мектеп оқушылары арасында алты бала жұқтырған. Бір бала мектепке барып жүрген. Қалған бесеуі – қашықтан оқитындар. Олармен байланыста болғандардың бәрі тексерістен өткен. Тест сынамасы теріс нәтиже көрсетіпті. Ұзын саны 19 адам, оның ішінде 13 бала және 6 мұғалімге тексеріс жүргізілген. Мектепте қорытынды дезинфекция жасалған. Балалар мен мұғалімдер үй карантинінде болған. Қазір қайтадан сабағына кіріскен. Еске сала кетсек, Солтүстік Қазақстан облысында қыркүйектен бері 20 оқушы коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат шыққан. Ал Шығыс Қазақстан облысында – 4, Павлодар облысында 9 дерек тіркелген.  

Айша ЕРСҰЛТАН