Жекеменшік балабақша қалай күн көрмек?
Жекеменшік балабақша қалай күн көрмек?
351
оқылды
Жекеменшік балабақша басшылары мамыр айында-ақ дабыл қаққан-ды. «Атамекен» ҰҚП өткізген онлайн кездесуде 70 мыңға жуық қызметкердің қар­жыландырусыз қалғанын мәлім­деген. Әсіресе, Қызылорда облы­сындағы жекеменшік балабақ­шалар карантиннің орта тұсында жабылуға дайындалып жүрген-ді. Мұны қаладағы кәсіпкер Наталья Мишукова да растап отыр. Ол бірінші кезекте Қызылордадағы жекеменшік балабақшалардың жағдайы қиындағанын алға тарт­ты. Өйткені жекеменшік бала­бақ­шалардың табысы 60%-ға тө­мендеп кеткен. Иә, мәселе қаржыға келіп тіреледі. Себебі төтенше жағдай кезінде мемлекеттік тапсырыс балалар балабақшаға бармаған жағдайда төленді. Ал қазір тек балалардың нақты саны бойынша төленеді. Мәселен, кезекші топта 15 бала тәрбиеленеді десек, мем­лекет сол көрсеткішке сай қаржы бөледі. Балабақша құрылтай­шылары болса, бала санына қа­рамастан тәрбиешілерге толық көлемдегі ақы төлеуі тиіс.  

Мемлекетке иек артып несие алдық

Бұл істі жөнге салудың жолы бар ма? Жекеменшік балабақша басшылары мемлекеттік-жеке­меншік әріптестік туралы заңға өзгеріс керегін нұсқайды. Мы­салы, карантин кезінде балабақ­шалар 5 айға жуық мерзімге жұ­мысын тоқтатқан. Бірақ қызмет­керлердің еңбекақысын төлеген. Себебі балабақша қызмет­керлеріне 42 500 теңге берілген жоқ. Осыны негізге алған басшы­лар қарамағындағыларды табыс көзінсіз қалдырғысы келмеген. Оның үстіне, құрылтайшылар жалдау шығыны мен коммуналдық төлемді де төлеген. Олардың айтуынша, ешқандай жеңілдік болмаған. «Атамекен» ҰҚП ұсынған ақпа­ратта Білім және ғылым министрлігі тарапынан жан басына қар­жылан­дыру әдіснамасы стандарты бекі­тілмеген. Кәсіп иелерінің айтуын­ша, заң мемлекеттің балабақ­ша­­лардың сойылын соғады. Өз ке­зегінде жекеменшік балабақ­шалар толық мемлекеттік тапсырыс ала алмайды. Ал шығынның орнын ата-ана есебінен толтыру мүмкін емес. Өйткені ата-аналардың ақ­шасы тамақтану шығынынан ары ас­пайды. Кейінгі мәлімет бойынша, қыр­күйек айынан бастап жеке­меншік балабақшаларға бала санына бай­ланысты субсидия төленеді. Мә­селен, бұрын­дары балабақшаға 17 миллион теңге кіріс кірсе, қыр­күйектен бастап 10 миллион теңге түседі. Оның 9 миллион теңгесін басшылар жалақы ретінде үлес­тіреді. Арғы жағында жалдау ақысы мен коммуналдық төлем барын есте ұстаңыз. Демек, қазір жеке­меншік балабақшалардың шы­ғынды жабар қаржысы жоқ.
«Балабақша – әлеуметтік объект. Балалардан үнемдеуге бол­май­ды.1990-2000 жылдардың ара­лығын алайықшы, сонда мыңдаған ата-ана бала­бақша кезегінде тұратын. Тіпті, баласы туыла сала балабақшаға ке­зекке қоятын-ды. Жекеменшік ба­ла­бақшаларды әлеуметтік жағы­нан қолдамасақ, мұндай оқиға тағы да қайталанады. Тағы бір мәселе – бизнесіміз. Біз мемлекетке иек ар­тып, үлкен со­мада несие алдық. Оның үстіне, штатта жұмыс істейтін қызмет­керлердің жалақысы бар. Егер мемлекет жәрдем бермесе, бәрі құр­дымға кетеді. Мысалы, Еуропа елдері пандемия кезінде бизнеске біршама көмектесті. Біздің қай жері­міз кем? Басқа саладағы шы­ғынды қысқартса да, әлеуметтік маңызы бар балабақшалардың жабылуына жол бермеу керек», – дейді Қа­рағандыдағы «Ақ бала» балабақ­ша­сының қызметкері Елена Ерш.
 

Есеп тапсыру кімге керек?

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы статистикасы бойынша, өткен жы­лы балабақшаға келушілер саны 89% болған. Қазіргі көрсеткіш 40-50%-ды көрсетіп тұр. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басына түскен жайға қарамастан жергілікті әкімдіктер мен про­куратура жеке­меншік бала­бақ­ша­лардан есеп сұрауды бастаған. Олар бөбекжай басшыларына үнем­делген қар­жының есебін тап­сыруды сұраған. Бұл пәрмен орын­далмаса мемлекет қазынасына әр баладан 15 мың теңге көлемінде қаржы қай­тарылуы тиіс. Ал же­кеменшік бала­бақша иелері каран­тин басталғалы қаржы жағы қинап тұрғанын алға тартады. Олар мемле­кеттің осындай талап қоярын біл­генде наурыз айы­нан бастап бала­бақша қызметін тоқтатып, қызмет­керлерді қысқарту амалын қарас­тыратын едік деп отыр. balabaksha1 Мемлекет қазынасына 15 мың теңге қайта­ратын болса, негізгі ақша қанша теңге дерсіз. Қазір жеке­меншік балабақшалар жан басына шаққанда 30 150 теңге көлемінде қаржы алады. Айта ке­терлігі, жыл сайынғы қым­бат­шылық суб­си­дияға келгенде еске­рілмейді. Оның үстіне, бала­бақша басшылары ғимаратты заманауи үлгіде безендіріп, ата-ана көңі­лінен шығуды ойлайды. Бай­қасаңыз, бұл да қыруар қаржыны талап етеді. Сондықтан бала­бақшаға кететін қосымша шығын көп. Сон­дықтан жекеменшік бала­бақша бас­шылары үнемделген қаржының есебін тапсы­руға қарсы. Олар мұн­дай әрекет жеке кәсіпкер­лікпен айналысу құқығын шек­тейтінін айтады. Осы орайда, Білім және ғылым министрлігінің жеке ұйымдарға мемлекеттік тапсырыс көлемін азай­ту туралы шешімі тағы бар. Бұл да жекеменшік балабақшалардың жа­былуына ықпал етер факт. Ал мем­лекеттік комиссияның соңғы хат­тамасында карантин кезінде мем­лекеттік тапсырысты қар­жыл­андыру үзілмеуі және қол­даныстағы заң­намаға сәйкес жүр­гізілуі тиіс екені жазылған. Сонда бұл нор­мативтің мемлекеттік және жеке­меншік ба­лабақша арасында қалай іске аса­тынын кім түсін­діреді? Білуімізше, мемлекеттік тап­сы­рысқа жалақы, коммуналдық қыз­­­­­­мет құны, жалдау ақысы, салық тө­лем­дері, жөндеу жұмысы, әдіс­теме­лік материал сатып алу шы­ғыны кі­реді. Егер министрлік көр­сет­кен­дей жеке ұйымдарға мемлекеттік тап­сырыс көлемін азайту іске асса, жекеменшік балабақшалардың жағ­дайы не бол­мақ? Ал үнемделген қар­жының есе­бін тапсыру кімге тиім­­ді? Бала­бақша басшылары нау­рыз айын­да жұмыс 19-ы аяқ­тал­ға­нын алға тар­­тады. Сәуір мен ма­мыр аралы­ғында ба­лалар қашық­тан білім ал­ған. «Есеп сұрар болса, он­лайн дәрістің бейне­жазбасын көр­сетеміз» дейтін бала­бақшалар да бар. Осын­дайда он­сызда өліара күй­дегі меке­мелер­ден есеп сұрап, қар­мап қалу­дың ама­лын доғарсақ қай­теді дер­сіз... Ал елімізде жекеменшік бала­бақшалардың 60%-дан астамы мем­лекеттік тапсырыссыз, ата-ана­лар­дың есебінен күн көретінін білесіз бе? Егер жағдай осылай жал­­­­ғаса бер­се, балабақша кезегі мәселесі күн­тәртібінде тұрары анық. «Ата­мекен» ҰҚП дерегі бойынша, елде 1-6 жас аралығында 500 мың бала бар. Бір ғана Нұр-Сұлтан қаласында биыл 54 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Республика бойынша көрсеткіш күн санап өзгеріп жатыр. Кезекті азайтудың жолы жеке­мен­шік бала­бақшалардың еншісінде екені бел­гілі. Алайда олардан есеп сұрап, мем­лекеттік тапсы­рыс көлемін азайт­са, же­кеменшік балабақша қа­лай күн көрмек?..  

АйзатАйзат АЙДАРҚЫЗЫ