Ақтөбеде 17 жастағы бозбала 15 жастағы қыз үшін сотталуы мүмкін – видео  

Ақтөбеде 17 жастағы бозбала 15 жастағы қыз үшін сотталуы мүмкін – видео  

Бұл туралы aikyn.kz тілшісі AstanaTV-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, Ақтөбеде 17 жастағы бозбала мен 15 жасар оқушы қыздың махаббаты үлкен дауға айналды. Ата-аналарынан қарсылық болғаннан кейін екі ғашық бірнеше рет үйлерінен қашыпты. Кейіннен жастар табылып 17 жасар жігіт қамауға алынған. Оған «Кәмелеттік жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынаста болды» деген айып тағылды. Жігіттің абақтыда отырғанына жарты ай болды. 17 жастағы Нұрасхан Тынымжанов кәсіптік лицейдің 2-курс студенті. Нұрасханның сүйгенімен жүріп жүргеніне сегіз айдан асыпты. Жас ғашықтар отбасын құрмақ та болған. Бірақ оған ата-аналары рұқсат бермеген.

Нұрасхан Тынымжановтың анасы Анара Қошанова: «Менің балам шын ниетімен сүйген адам. Олда маған  мына жерде жылап тұрып айтты. Апа бізді  қосыңызшы деп. Екі баланың обалына қалып отырмыз біз. Шыңдығында балам жазықсыз кетіп бара жатыр».

Жастар қолтықтасып бірнеше рет үйлерінен қашқан. Жастардың бұл қылығы қыздың ата-анасына ұнамаған. Шешесі арнайы медициналық сараптама талап еткен. Ақыры Нұрасхан қамауға алынды. Баланың анасы енді Мемлекет басшысынан араша сұрап отыр. 15 жастағы Ақниеттің анасы да полицияға жүгінгенін өкініп отыр.

«Екі баланың балалығы болды. Екі бала бір-бірін жақсы көрген соң қашты. Бірге осылай жыныстық қатынасқа түскен екен. Баланың өмірі мынадай срок 10 жылдан он бес жылға беріп тұрған соң мұндай болады деп ойлаған жоқпын», – дейді қыздың анасы.

Іс прокуратураға жеткен. Өйткені Нұрасханның үстінен аса ауыр бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов: «Кәмелетке толмаған қыздың анасының арызы бойынша қылмыстық іс аяқталып, қазіргі таңда ол облыстық прокуратураға жіберілді. Күдікті қамауға алынды», – дейді.

Іс сотқа жетсе, Нұрасхан Тынымжанов он жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

  https://youtu.be/HEq1p7QIFtk