Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Алманың отаны импортқа тәуелді

Қазақстан – әлемдегі барлық алма сортының атасы саналатын Сиверс алмасының отаны. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденді. Ғалымдардың айтуынша, елімізде алма ағашы  50 миллион жыл бұрын өсе бастаған. Сөйтіп, Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралды. Алайда отанында тұрсақ та, ішкі нарықты дәл осы жеміспен толық қамтамасыз етуге қауқарымыз жетпей тұр.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 30, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
aport
48
қаралым

 

Сырты сұлу, іші ше?

Сіз де дүкен сөрелерінен отан­дық жемісті сирек кездестіретін боларсыз. Сырты сұп-сұлу, жып-жылтыр, құрт-құмырсқа жо­ламайтын шетелдік өнім дас­тар­қаныңыздың сәні болып тұрса, бұл таңғалатын дүние емес. Өйткені бүгінде алманың 62,9 проценті шетелден тасымалданады.

Түлкібас ауданында «Көктал» шаруа қожалығы биыл 2200 тонна алма жинады

5 мың гектарға бақ отырғызылмақшы

Ғалымдар адам өмірін 17 жылға ұзартатын жемісті атады

Елімізде алманың негізгі өсетін жері – Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстары. Ал Солтүстік жақта жа­байы түрлері немесе аз ғана жер­сіндірілген сорттары өседі. Өкі­нішке қарай, елімізде алма өсіретін алқап көлемі азайды. Сәйкесінше, өндірілетін өнім де айтарлықтай төмендеді. Мысалы, 1985-1986 жылдары Қазақстанда 380-390 мың тонна алма жиналған. 120 мың гектардай бақ болатын. Одан кейін мұндай өнім алынған жоқ. Қазіргі статистика бойынша, бұл көлем  35-40 мыңнан аспайды.

Әлемде алма өсіруден көш ба­сында тұрған – АҚШ пен Қытай. Біз­дің елге Өзбекстан, Қырғыз Рес­публикасы, Ресей, Тәжікстан, Польша, Түркия және Қытайдан көп әкелінеді.

 

Ресейге 6,9 мың тонна алма экспортталған

Ал алма экспорты бойынша, Қа­зақстан 42-орында. EastFruit сарап­шыларының зерттеуіне сәй­кес, 2019-2020 жылдары экс­порт маусымының алғашқы 4 айында Қазақстан Ресейге 6,9 мың тонна алма экспорттаған. Бұл уақытта басқа елдер Ресейге экс­порттайтын алма көлемін аз­ай­тса, Қазақстан керісінше 5,5 есе арттырып, ең ірі жеткізуші ел­дердің бестігіне енді. Жуырда ғана Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пан­демия кезіндегі экономикалық қиын­дыққа қарамастан Ресейге алма экспортталып жатқанын әрі атал­ған елде біздің өнім үлкен сұ­ранысқа ие екенін жеткізді.

– Биылғы экономикалық жағ­дайдың қиындығына қарамас­тан, Arnau Agro ЖШС-ның ал­ма­ларын Ресейге жеткізуді бас­тау мүмкіндігі туды. Алғашқы пар­­тиялардың бірі қазір Ново­сибирскіге жеткізіліп үлгерді және өнім жергілікті тұрғындар ара­сында үлкен сұранысқа ие. Бұл ал­маларды экспорттауда мем­ле­кеттік қолдау құралдары үлкен рөл атқарғанын атап өткім келеді, – деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Отандық  алма өсірушілердің бәрі өнімін экспортқа шығармай­ды. Мәселен, «Нұр ҚазАгро» ЖШС  басшысы Еркін Тоқсейітов 100 гектар жерге алма егетінін ай­тады. Ал одан алынған өнімді (гектарынан 20 тоннадан астам өнім алады) түгелімен ішкі нарыққа өткізіп отыр. Үкіметтен ешқандай көмек алмай, кәсібін өз күшімен дөңгелетіп отырған шаруашылықта жаздық және қыстық сорттар егіле­ді. Қазір көтерме бағамен келісін 200 теңгеден жоғары сатып жатыр.

– Шетелге апарып көрдік. Жолымыз бар, басқа бар, шығын­ды ақтамады. Сондықтан қазір Қазақстанның өзінен аспаймыз. Сұраныс бар, пайда да бар. Әсіресе, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларына көп апарамыз, – дейді ол.

Жалпы, алма шаруашылығы – көзін тапқанға жақсы кіріс көзі. Алайда қазір бағбандардың бас­ты мәселесі – шаруашылыққа кү­тім жасайтын мамандардың, жұ­­мысшылардың жетіспеуі. Ал­ма­тылық фермер Иван Сергеев ка­рантинге байланысты еккен өнімін жинай алмай қиналып қалғанын айтады.

– Алма егілген 30 гектар жерім бар. Ал одан алатын өнім көлемі әр кезде әрқалай. Табиғат жағдайына, күтімге байланысты. Тек апорт еккенмін және өнімді ішкі нарыққа өткіземін. Өйткені апортты алысқа тасымалдау қиын, ұзақ жолды кө­тере алмайды.  Қазір көтерме бағамен келісін 250 теңгеден сатып жатырмын. Әрине, апорт үшін бұл арзан. Алайда басқа амал болмай тұр. Өйткені қазір пандемияға бай­ланысты жұмыс істейтін адам таба алмай отырмын, – дейді фермер.

Қазір алма бағасы Алматының өзінде 300-500 теңгеден түсіп тұрған жоқ. Қыста 20%-ке қымбаттайтыны тағы бар. Астанадағы Jemis-jidek ortalygy-нда алманың келісі 600-700 теңге тұрады. Базарлардан да осы бағаға аласыз. Ал Magnum супермаркетінде 450-600 теңге. Көтерме бағамен 250 теңгеге алынған өнім бағасы бізге жет­кенше алыпсатарлардың әсері­нен үш есеге артып отыр. Егер ірі супермаркеттер өнімді тікелей шаруадан алса, баға бұлай қым­бат­тамас еді. Әрине, ол үшін ең алдымен аймақтар мен ірі қалалар арасындағы логистиканы жолға қойған жөн.

 

Апорт неге азайды?

Алма алқабының азаюына, өнім көлемінің кемуіне жеке­шелендіру себеп болды. Алма бақ­тары жекешелендірілгеннен кейін қожайындары апорттың орнына нарықта өтімді сұрыптарды отыр­ғыза бастады. Фермерлер жұмсаған қаржысын ақтау үшін ерте пісетін және мол өнім беретін сорттарды алып жатыр. Ал апорт өсіретіндер өте аз. Өйткені апорт өнімді кеш береді (алтыншы, жетінші жылы) және оған қолайлы жағдай, жақсы күтім керек.

– Алматы маңайында, Есік ау­данында, Еңбекшіқазақ, Тал­ғар, Қаскелеңде жеміс шаруа­шылығымен айналысатын ірі ша­­­р­уа­шылықтар көп болды. Жеке­мен­шікке ауыстырып, соларды бө­лген уақытта әр шаруашылыққа, жекеменшік қожалыққа 5 гектар, 7 гектар, 3 гектардан бөлді. Осындай көлемде бөлінгеннен кейін бая­ғыдай күтімнен айырылды. Аз кө­лемдегі баққа қай фермер қа­жетті техниканы пайдалана ала­ды?  Бәрі айналып келгенде қол жұмысқа қалды. Бар кінә осын­да болып отыр, – дейді Қазақ ұлт­тық аграрлық университетінің «Же­міс-көкөніс және жаңғақ ша­руашылығы»  кафедрасының про­фессоры Керейдин Жақсылық­ұлы.

Оның сөзіне қарағанда, алма шаруашылықтарындағы кө­­­ле­мі аз бақтардың көбі кү­тіл­мей жа­тыр. Алма өсіретін аудандар­ды аралағанда шаруалар өздері­не берілген жер көлемі аз болған­дықтан, ешбір техника қол­дана алмайтынын айтады екен. Сондықтан бірінші осы проб­леманы шешу керек екенін алға тартады ғалым. Екінші, сұрып, яғни сорт мәселесіне көңіл бөлу ке­рек.

Уақытында тұқым шаруа­шылығы­мен айналысатын ин­сти­тут болды. 40-60-жылдары шы­ғарылған жақсы сорттар бар. Осы уақытқа дейін өнімі мол. Мы­салы, «Мақсат», «Салтанат» сорт­тары. Қазіргі жекеменшік болсын, шаруа қожалығы бол­сын, сырт мемлекеттен  өздері ке­ліп бақ құрып беретіндердің қыз­метін пайдаланатын болды. Бұл да проблема. Өйткені олар  тек­серілмеген сұрыптар мен кө­шеттерді отырғызады. Зиян­кес­­­тері де тексерілмеген. Алма кө­­­ле­­мінің кішіреюіне, сапасының тө­мендеуіне әсер етіп жатқан бак­териалды азок деген ауру бар. Мұны вирустық ауру дейді. Мұнымен дүниежүзі күресіп отыр. Бізге де келді. Ал бұл ауру қайдан келді дейсіз? Әлбетте,  жекеменшік бау-бақша ұстайтын азаматтар қалаған жағынан кез келген сұрыпты алма көшетін әкеліп,  отырғызып жа­тыр, содан тарап  жатыр. Бұл алма мен алмұртқа, әсіресе апорт сорты­на зиянды, – дейді Керейдин Жақ­сы­лық­ұлы.

Мамандардың айтуынша, әрбір қазақстандық тұтыну нормасы бойынша орта есеппен жылына 15 келі алма жеуі керек. Ал әзірге  әр Қазақстан тұрғыны орташа есеппен жылына 10 келі алма жейді. Жеткіліксіз. Жоғарыда айтқандай, ірі супермаркеттер шаруалардан өнімді тікелей сатып алса, жұрт қалаған алмасын қалаған бағада алар ма еді.

 

Түйін:

 

Ауыл шаруашылығы министр­лігі  4 жыл ішінде шетелден импорт­талатын ауыл шаруашылығы өнім­дерін отандық өнімге алмастыруды жоспарлап отыр. Өзгенің қаңсығы таңсық болмасын десек, алдымен ұсақталған бақтарды біріктіріп, қажетті техникамен жабдықталған, интенсивті, жүйелі бақ құрған жөн.

 

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ

 

 

 
Тегтер: алмаАлманың отаныапортимпортқа тәуелді
Алдыңғы жаңалық

Алексей Цой шетелге әуе қатынасын шектеу керегін айтты

Келесі жаңалық

Оқу жылы басталғалы 104 оқушы коронавирусқа шалдыққан

Ұқсас жаңалықтар

Парламентке өту межесі
Әлеумет

Парламентке өту межесі

Қаңтар 19, 2021
Тоқаев 8 адамды қызметінен босатты
Жаңалықтар

Тоқаев 8 адамды қызметінен босатты

Қаңтар 19, 2021
Азамат Мұсағалиев
Жаңалықтар

Азамат Мұсағалиев Қазақстанның бір қаласын әзілге қосты

Қаңтар 19, 2021
коронавирус
Жаңалықтар

Елімізде өткен тәулікте 999 адам коронавирусқа шалдықты

Қаңтар 19, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Парламентке өту межесі

Қаңтар 19, 08:30

Тоқаев 8 адамды қызметінен босатты

Қаңтар 19, 08:29

Азамат Мұсағалиев Қазақстанның бір қаласын әзілге қосты

Қаңтар 19, 08:24

Елімізде өткен тәулікте 999 адам коронавирусқа шалдықты

Қаңтар 19, 08:10

Балаға тіпті « тәйт» деуге де болмай ма?

Қаңтар 19, 08:00

Коронавирус: Нұр-Сұлтандағы ауруханалар 80% толы

Қаңтар 19, 07:51

Бейнетінің зейнетін көрмей жүр

Қаңтар 19, 07:30
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Парламентке өту межесі

Парламентке өту межесі

Қаңтар 19, 2021
Тоқаев 8 адамды қызметінен босатты

Тоқаев 8 адамды қызметінен босатты

Қаңтар 19, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»