Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Ақылы жолдардың үлесі артпақ

Қазір ел аумағында 682 ша­қы­рым­ға созылып жатқан Алматы – Қор­ғас, Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы–Қапшағай ақылы автожолдары бар. 2020 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар күре­жолдардың 5,7 мың шақырымы ақылы болмақ, бірақ әзірге сынақ режимінде ғана. Дегенмен ақылы жолдардың шақырымы мұнымен шектеліп қалмайтын секілді. Жуырда QazAvtoJol АҚ 2024 жылға дейін ақылы бағыттар 11 мың ша­қырымға дейін ұлғаятынын ха­бар­лады.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 30, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
akili jol
23
қаралым

 

Қаржы қайда жұмсалады?

Ақылы жолдардың ең басты ар­тықшылығы – мемлекет қазына­сынан жолды жөндеуге бөлінетін қаржы шығыны біршама азаяды. Яғни, автомагистраль өз шығынын өзі өтейді, көрсетілетін қызмет пен жол сапасы жақсарады. Енді жол құнына қарай ойыссақ. Бұл жолдардың мемлекет үшін пайдасы болғанымен, жолаушылар соған жай­лылықты сезінуі тиіс. Демек, тиісті ме­кеме жолдың кем-кетігін уақытында жөндеп, сапаға жауап беруі міндетті. QazAvtoJol бекіткен тариф бойынша, же­ңіл автокөліктер 100 шақырымға 100 теңге төлейді, яғни әрбір шақырымға 1 теңге. Транзиттік жеңіл автокөліктер 100 ша­қырымға 200 теңге, автобустар орын санына байланысты 1 000 тең­геден 3 100 теңгеге дейін өтеуі тиіс. Ал ауыр жүк көліктері 4 200 теңгеден 5 200 теңгеге дейін ақы төлеуге міндетті. Ескерте кетсек, бұл тек жолдың бір бағытына тө­ленетін құн, қайтар жолда қайта тө­лем жасайсыз. Экономика ғылымы­ның кандидаты Бауыр­жан Ыс­қақов ақылы жолдардың тиім­ділігін ескергенімізбен, қар­жының қайда кетіп жатқанын білу үшін мемлекет арнайы функция енгізу керегін айтады.

Ресейдің «Меридиан» жобасы: бақталас па, бақ-ырыс па?

Ақтөбеде бірнеше жол ақылы болуы мүмкін

Ақылы жолдар артады

– Ақылы жолдар сөзсіз тиімді. Мы­салы, Нұр-Сұлтан мен Теміртау ара­сындағы автожолдың сапалы еке­ніне көз жетті. Мұн­да ең бастысы – қа­­уіпсіздік мә­се­лесі. Сапалы жол сіз­дің қауіп­сіздігіңізге жауап беруі тиіс. Бұл – әлемдік тәжірибенің жемісі. Бі­рақ тасжолдар тозады, уақыт өткен сайын жөн­деуді қажет етеді. Сондықтан төлем ар­қылы түскен қаржының игерілу дерегі ашық болғаны жөн. Мәселен, 10 теңге тө­лем түссе, оның 5 теңгесі инвестордың, қалған 5 теңгесі мемлекет қорына кетті делік. Мұнда мемлекет инвесторға тек жол көр­сетіп, бағыт сілтейді. Алғашқы 1-2 жыл жолға кеткен қаржыны ақтауға жұмсалса, әрі қарай ақылы автожолдарды инвесторға беру керек. Инвестор жол сапасына жауап бере алуы тиіс, ондағы қауіпсіздік, инфрақұрылымның дамуы маңызды. Бірақ қаржының ашықтығы үшін мемлекет ар­найы функция енгізу мәселесін ойлас­тырғаны абзал, – дейді маман.

 

Кемшіліктер де жоқ емес

Ақылы жолдарға қатысты екі мә­­селе туындап отыр. Бірі – экологиялық. Автожолдар бойында инфрақұрылымды қамтамасыз ету, тиімді тран­зит­тік, экспорттық және логис­тикалық инфрақұрылымды да­мыту қарқынды іске асады. Де­генмен жануарлардың миг­рация­сы тежеліп, олардың саны азаймақ. Мәселені ше­шу­дің жолын Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­нистрлігі экодук (жол бойындағы шағын өткел) деп қараған. Бірақ экологтер жағы мұнымен келіспейді. Екіншісі – балама тегін жолдардың жоқтығы. Ірі қалалардың төңі­регінде орналасқан ра­диусы он­даған шақырымға созылған елді мекендер тұрғындарының арасында жеке көліктерімен қалаға қатынап жұ­мыс істейтіндері көп, оның ішінде жүк көліктерінің иелері де бар. Енді ойлаңыз, ол­ардың күнделікті жұмысына әр қатынауы – толып тұрған шы­ғын. Шетелдік тә­жірибеге сүйенсек, оларға арнап ақылы жолдан бөлек балама жол төселуі тиіс. Бірақ QazAvtoJol АК бұл азаматтарға та­рифті төмендету жайын қа­растырмапты. Оның үстіне, ком­пания мамандары ал­дағы уақытта тарифтің өз­гер­мейтінін мә­лімдеді. Жүргіз­уші­лерге қолайлы болу үшін диф­ферен­циалды тариф енгізілген, шар­ты бойынша жүр­гізушілер ал­дын ала төлем жасап, 50% же­ңіл­дікке ие болады. Әзірге жұ­мысы­на күнделікті ақылы жолмен қатынайтын жан­дардың дифференциалды тарифтен басқа жүгінері жоқтай.

– Ақылы жолдардың бюджетке ай­тарлықтай пайда келтіріп, қаржы құяры сөзсіз. Менің ақылы жолдарға көзқарасым түзу. Батыс Қытай – Батыс Еуропа секілді жолдарда көлік нөпірі көп. Ақылы негізде болса одан түсер пайда мол. Бірақ проблемалардан аттап кете алмаймыз. Тек қаржы жағын ойластыру жансақтық. Балама жол жоқ, онда тез арада жұмысына ақылы жолмен қатынайтын аза­маттарға арнап тарифтердің жаңа түрін шығару қажет. Мысалы, жылына бір рет қана төлем жа­сайтын етсе, әйтпесе күнделікті төлем оларға салмақ салады. Тағы бір мәселе – бұл жолдар арқылы ауылдық жерлер де дамиды, соған сай жануарлар миграциясы тежелмек. Жолдарды салмай тұрып, осы жағын көңіл бөліп қарастыруға тиіспіз, – дейді GSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры, экономист Мақсат Халық.

 

Әлем елдерінің тәжірибесі

Әлемнің 30-дан астам елінде ақылы жолдар бар. Ал төлемақы алу үш түрлі жүйеде жұмыс істейді: ашық, жабық және гибрид жүйесі. Қазақстандағы ақылы автомагистральда соның ішіндегі гибрид жүйесі қолданылады. Шы­ғыс Азияның дамыған ел­дерінде қолданылатын да – осы жүйе. Гибрид жүйеде ашық және жабық тәсіл қатар қолданылады, сол себепті жолақысын радио­электрондық белгілер және бағытталған шот арқылы не­месе қолма-қол төлем жасау ар­қылы қалаған түрімен өтеуге болады. Көрші Ресейде төлем өндіріп алудың ең қарапайым түрі саналатын жабық жүйе қол­данылады, ақысын қолма-қол төлейсіз. Ақылы жолдан шығарда жол жүру деректері тексеріліп, тиісті төлемақы жасалады. Ал Гер­мания болса ашық жүйені дұ­рыс деп тапқан.

Ақылы жолдардың сапасы өз алдына, жол бойында көрсетілетін қызмет түрлері бөлек әңгіме. Бұл жағынан АҚШ, Еуропа елдерін үлгі етуге болады. Олар бұл саланы ұлттық экономиканың маңызды бөлігіне айналдырған. Мәселен, АҚШ-та ақылы автожолдарда концессиялар қағидаты бар. Яғни, жол бойындағы жалға берілетін учаскелер муниципалдық органға ғана емес, жеке тұлғаға беріледі. Соның ар­қасында жолаушының жанармай құю стансалары, жөн­деу шеберханалары, дүкендер, та­мақтану және тұрмыстық қыз­мет көрсету кәсіпорындары, орна­ластыру құралдары секілді қажетті қызметтердің толық жиынтығын алуға мүмкіндігі бар. Италия си­яқ­ты туристік елде демалыс орын­дары әрбір 30-50 шақырым сайын орналасқан. Олар бірыңғай жоба бойынша жайғастырылған, қызметтер жиынтығы мол. Тіп­ті, технологиясы дамып, эко­номикасы артқан батыс ел­дері электромобильдер мен квадро­коптерді зарядтауға арнал­ған қондырғыны енгізіп жатыр.

Қорыта айтсақ, ақылы жол­дардың бірер кемшілігін санаққа алмасақ, құп­тарлық дүние еке­ні аян. Алайда елімізде жол бо­йын­да қызмет көрсету сапасы тө­мен деңгейде. Алға жылжудың белгілері байқалады, бірақ 2-3 жылда жете қоярымыз неғайбыл.

 

мадиярМадияр ТӨЛЕУ

 

 

 
Тегтер: QazAvtoJol АҚавтожолдаравтомагистральақылы жолАлматы – Қор­ғасАлматы–ҚапшағайНұр-Сұлтан – Щучинск
Алдыңғы жаңалық

Көмір тапшылығы бола ма?

Келесі жаңалық

Санитарлық талаптарды бақылауды күшейту керек – Асқар Мамин  

Ұқсас жаңалықтар

коронавирус
Жаңалықтар

Елімізде өткен тәулікте 999 адам коронавирусқа шалдықты

Қаңтар 19, 2021
бала
Әлеумет

Балаға тіпті « тәйт» деуге де болмай ма?

Қаңтар 19, 2021
коронавирус
Жаңалықтар

Коронавирус: Нұр-Сұлтандағы ауруханалар 80% толы

Қаңтар 19, 2021
зейнет
Әлеумет

Бейнетінің зейнетін көрмей жүр

Қаңтар 19, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елімізде өткен тәулікте 999 адам коронавирусқа шалдықты

Қаңтар 19, 08:10

Балаға тіпті « тәйт» деуге де болмай ма?

Қаңтар 19, 08:00

Коронавирус: Нұр-Сұлтандағы ауруханалар 80% толы

Қаңтар 19, 07:51

Бейнетінің зейнетін көрмей жүр

Қаңтар 19, 07:30

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қаңтар 19, 07:02

Жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаған

Қаңтар 19, 07:00

«Поле чудесте» шырқалған «Сарыжайлау»

Қаңтар 19, 06:50
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

коронавирус

Елімізде өткен тәулікте 999 адам коронавирусқа шалдықты

Қаңтар 19, 2021
бала

Балаға тіпті « тәйт» деуге де болмай ма?

Қаңтар 19, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»