Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Ауаны ең көп ластайтын екі-ақ кәсіпорын

Жезқазған мен Балқаш қалаларының халқы мысты өңірді экологиялық апат аймағы деп тануды сұрайды. Өйткені Қарағанды облысының 17 ірі кәсіпорны ауаға  жыл сайын 600 мың тоннаға жуық ластаушы заттарды таратады. Аймаққа тарап жатқан 600 мың тоннадан астам зиянды қалдықтың 90%-ын  тек 2 кәсіпорын өндіреді. Олар Теміртаудағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен Жезқазған, Балқаш қалаларында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС. Оларға тұсау болар шара бар ма?

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 30, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
ekologia
199
қаралым

Аймақтың экологиялық ахуа­лы  жайлы мәселе облыс ор­талығында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният, Қарағанды об­лысы­ның әкімі Жеңіс Қасым­бек, өңірдегі өнеркәсіп кәсіп­орындарының басшылары мен экобелсенділер қатысқан  дөң­гелек үстелде талқыланды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуынша Қарағанды өңірі онкологиялық аурулар бойынша алғашқы бестікте тұр.  Олардың үлкен көрсеткіші Жезқазған қа­ласына тиесілі дейді маман.

– Өкінішке қарай, нашар экология онкологиялық аурулар­дың өсуіне әкеледі. Облыс елдегі онкологиялық науқастар саны бойынша көшбасшылар бестігіне кіретінін жасырмаймын. Бірін­ші орында өкпенің қатерлі ісі­гі, екінші орында асқазан, үш­інші орында колоректальды обыр. Жергілікті дәрігерлер ісік­­терді ерте сатысында анық­тауда көшбасшы болып сана­лады. Осының арқасында паци­енттердің өмірін емдеуге және сақтауға болады. Егер Жезқазған мен Балқашты салыстыратын болсақ, онда соңғы қалада ісікке шалдығу жағдайларының саны көп, – деп атап өтті Ажар Ғиният.

Жезқазған қаласында жү­рек-қан тамырлары аурулары бар науқастар саны да өсуде. Көңілсіз статистика  – ірі өнер­кәсіптік алыптар шығаратын шығарындылардың жоғарылауы­ның нәтижесі, – дейді сала ма­мандары.

Елбасының тапсырмасы бойынша, экологиялық проб­лемаларды шешу үшін Экология министрлігі Қарағанды облы­сындағы «Экологиялық жағ­дай­ды жақсарту жөніндегі ша­ра­лар туралы кешенді жос­пар» әзірлеген болатын. Онда өндірістік ком­паниялар 2021-2025 жылдары қол жет­кізуі тиіс индикаторлар көр­сетілген. Оны іске асыру та­би­ғи ортаға антропогендік және техногендік жүктемені азайтуға және өңірдегі жағдайды айтарлықтай жақсартуға мүм­кіндік береді. Дегенмен бұл Жол картасында Жезқазған қаласы ескерілмеген дейді қала тұрғындары. Қарағанды об­лысында тек Теміртау қала­сы­ның экологиясын жақсартуға арналған Жол картасы әзір­ленген.

Қалада тыныс алу қиындады

Экологиялық кодекстің талабы қандай?

Қазақтың жері ешқашан шетелдікке сатылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Балқаш пен Жезқазған қа­лаларының экологиялық проб­­­лемаларын кешенді шешу үшін дербес Жол карталары қа­жет. Экология вице-министрі Ахмеджан Пірімқұлов осындай ұсыныс жасады. Оның айтуынша, бұл нақты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Қала құраушы кәсіпорындарда қазірдің өзін­де бірнеше эко-жобалар іске асырылуда, өндірістерді ауқым­ды жаңғырту жоспары әзірленді. Алайда жұмыс экономикалық себептерге байланысты баяу­лауда. Отандық мыс әлемдік на­рықтағы бәсекелестікті жоға­лтты. Оның құны қытайлық өнім­ге қарағанда үштен бірге қымбат. Сондықтан бизнестің ғана емес, мемлекеттің де қатыс­уы­мен кешенді эко-стратегия қажет дейді мамандар.

Жезқазған мен Балқаштың мыс балқыту зауыттарында кү­кірт қышқылы цехтарын салу жоспарлануда, соның нәти­жесінде атмосфераға зиянды шығарындылар деңгейі төмен­дейді.

– Жезқазған мыс балқыту зауыты 2018-2022 жылдары жаңа күкірт қышқылы цехын салу және іске қосуды жоспарлаған. Бұл күкірт диоксидінің шығарын­дыларын 40 мың тоннаға азайтуға көмектеседі. Байыту фабрикасы бойынша ластанудың негізгі себебі консервацияланатын қалдық қоймасының еңістері. Еңістерді қопсыту қажет, бетін суару, бөгеттің шеттерін нығайту қажет, – дейді вице-министр Ахметжан Пірімқұлов.

Жезқазғандық белсенді Мақпал Орынбетова «Қазақмыс корпорациясына» қаланың ай­наласында жасыл белдеу құ­руды ұсынды. Корпорация бас­­қармасы төрағасының орын­басары Әділет Барменқұлов қоғам белсендісінің бастамасын қолдап, бұл мәселені пысықтауға уәде берді. Сондай-ақ ол кор­порацияның атмосфераға зиян­ды шығарындылар деңгейін ай­тар­лықтай төмендетуге мүм­кін­дік беретін жоспарлары ту­ралы айтып берді.

«Біз үнемі экология мәсе­лелерімен айналысамыз. 2008 жылы Балқашта күкірт қыш­қы­лы цехы салынды, ол шы­ғарындыларды 720 мың тон­на­дан 128 мың тоннаға дей­ін тө­мендетуге мүмкіндік бер­ді. 2017-2019 жылдары кор­порация қоршаған ортаны қор­ғау бойынша жоспарлы іс-шараларды жүргізуге 12,2 миллиард теңге жұмсады. Қазір­гі уақытта Жезқазған мыс балқыту зауытындағы кү­кірт қыш­қылы цехының құ­рылысына эко­логиялық әсер­мен қосарланған жанасудың озық технологиясын қолдану арқылы жобалық құ­жаттама әзірленуде. Бұл күкірт диок­сидінің шығарындыларын жы­лына 40 мың тоннаға азайтуға көмектеседі», – деп атап өтті Әділет Барменқұлов.

Алайда корпорация бас­қар­масы төрағасының орын­басары мұндай цехтарды іске қосу үлкен шығын екенін мо­йындады. Сонымен қатар ком­пания мыс концентратын өңдеу құнының төмендеуіне байланысты экономикалық қиындықтарға тап болған. Екі қаладағы мыс балқыту зауы­тын жабу корпорация үшін ар­­занға түсер еді. Дегенмен «Қа­зақмыс»  Жезқазған мен Бал­қаш тұрғындарының басым бөлігін жұмыспен қамтып отыр­­ған өңірдегі қала құраушы кә­сіпорын болғандықтан, бұл тә­уекел тиімсіз болмақ.

«Бізге үлкен көлемді кәдеге жаратуға тура келеді, ал бүгінде ондай технологиялар жоқ. Біз бұл мәселені шешу үшін ғалымдарды шақырдық. Күкірт қышқылын топыраққа тыңайтқыш ретін­де пайдалану мүмкіндігі бар. Әрине, зауыттарды жабу эко­номика­лық тұрғыдан орын­ды болар еді. Бірақ біз өз қыз­меткерлеріміз бен мемлекет ал­­дындағы жауапкершілікті тү­сінеміз. Жезқазған мен Бал­­қашта мыңдаған отбасы та­быс­­сыз қалады. Сондықтан біз бұл мәселені барлық адам үшін ауыртпалықсыз шешкіміз ке­леді және мемлекеттің қолдауы мен халықтың түсіністігіне үміт­тене­міз», – деп толықтырды Әділет Барменқұлов.

Мақпал Орынбетова ше­неу­ніктерден Қызылорда об­лысындағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыр­ан-тасығыштар сатыларының құлау орны болып саналатын Ұлытау ауданы тұрғындарына өтемақы төлеу мәселесін қарас­тыруды сұрады.

«1997 жылға дейін Жезді ауданының тұрғындары өтем­ақы алған, кейін ол аудан Ұлы­тауға қосылған соң өтемақы тоқ­тады. Ғарыштық қоқыс елді ме­кендерге жақын жерде түседі және бұл радиоактивті гептил. 2017 жылы Талап ауылының маңында тағы бір зымыран-тасы­ғыш құлап, үлкен өрт бо­лды. Біз бұл мәселеге үлкен жауап­кершілікпен қарауды сұраймыз», – деді белсенді.

Мақпал Орынбетова Жез­қазған қаласындағы онкология­лық аурухананы қалпына кел­тіруді сұрады. Ол шамамен 20 жыл бұрын жабылған, соның сал­дарынан науқастар 500 ша­қырым алыстағы Қарағандыға баруға мәжбүр.

Қарағанды өңірінің өнер­кәсіптік кәсіпорындарында проблема көп. Олар көбінесе ескірген жабдықтар мен техно­логиялармен байланысты, олар­дың көпшілігі Кеңес дәуірінен бері қолданылып келеді.

– Жезқазған мыс қорыту зауытында 30 жылдан астам уа­қыт бұрын пайдалануға бе­рілген күкірт-қышқыл цехы жұ­мыс істейді. Жабдық тозған және түтін газдарын күкіртті ан­гидридтен толық тазартуды, сондай-ақ оны тауарлық күкірт қышқылына толық қайта өңдеуді қамтамасыз етпейді. Жаңа цех­тың құрылысын жеделдету қа­жет, – деді вице-министр.

Экология вице-министрі «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС тиесілі Балқаш мыс қорыту зауы­тының басшылығына да осындай ұсыныс жасады.

«Бұл кәсіпорында ескір­ген тазалау жабдықтары қол­данылады және бұл жергілікті тұр­ғындар мен экологтардың наразылығын тудырады. Оның тозғанын ескере отырып, тазарту цехын жаңғырту, сондай-ақ жаңа күкірт-қышқыл өндірісін салу туралы мәселені қараған жөн, – деді Ахметжан Пірімқұлов.

«Біз 5 университеттің са­рап­шыларын қатыстырдық, ғы­­­лыми топ құрылды және за­уыт­­тарды жаңғыртудың 2 жос­пары әзірленді. Біріншісі –  өн­дірісті жылына 500 мың тонна мысқа дейін арттыра отырып, жұмыс істеп тұрған қуаттарды жаңғырту. Жобаның құны – 900 миллион теңге. Екінші жоспар – екі ескінің орнына жаңа мыс балқыту зауытын салу. Ол бізге 1,8 миллиард теңге тұрады, – деді «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Әділет Барменқұлов.

Еске сала кетейік, облыс­та барлық кәсіпорын таби­ғатты қорғау шараларына мил­лиардтаған қаржы аудара­ды. Дегенмен қоршаған орта эмис­сиясы үшін төлемдер облыстық бюджетке түседі, ол Теміртау, Жез­қазған және Балқаш қала­сына тікелей берілмейді. Мәсе­лен, экологиялық эмиссияға 2018 жылы 14 миллиард теңгеден астам қаражат түскен. Бірақ өкінішке қарай, облыстық бюд­­жеттің табиғат қорғау кә­сіп­­орындарына жұмсаған шы­ғындары бар болғаны 1 миллиард 200 миллион теңге болған.

 

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы

 

 

 
Тегтер: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ«Қазақмыс корпорациясы» ЖШСауакәсіпорынласэкология
Алдыңғы жаңалық

Жұмысшы құрылыс алаңында 18 метр биіктен құлап, қайтыс болды

Келесі жаңалық

Жаңадан салынған үйлерге интернет орнату міндетеледі

Ұқсас жаңалықтар

Наурыздан бастап Қазақстанда пойыз билеті қымбаттайды
Жаңалықтар

Наурыздан бастап Қазақстанда пойыз билеті қымбаттайды

Қаңтар 18, 2021
Ақмолада мүгедек әйел өрттен құтқарылды
Жаңалықтар

Ақмолада мүгедек әйел өрттен құтқарылды

Қаңтар 18, 2021
Прокурор бұрынғы Энергетика министрінің орынбасарын 10 жылға соттауды сұрады
Жаңалықтар

Прокурор бұрынғы Энергетика министрінің орынбасарын 10 жылға соттауды сұрады

Қаңтар 18, 2021
Шымкентте кейуананы өз қыздары мен күйеу балалары соққыға жыққан
Жаңалықтар

Шымкентте кейуананы өз қыздары мен күйеу балалары соққыға жыққан

Қаңтар 18, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Наурыздан бастап Қазақстанда пойыз билеті қымбаттайды

Қаңтар 18, 13:33

Ақмолада мүгедек әйел өрттен құтқарылды

Қаңтар 18, 13:16

Прокурор бұрынғы Энергетика министрінің орынбасарын 10 жылға соттауды сұрады

Қаңтар 18, 12:58

Шымкентте кейуананы өз қыздары мен күйеу балалары соққыға жыққан

Қаңтар 18, 12:36

Дәрігер коронавирустың жұғуын 250% арттыратын факторды атады

Қаңтар 18, 12:28

2020 жылы мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленді

Қаңтар 18, 11:58

Қылмыс әлемінің серкесі «Серік-голова» 19 жылға сотталды

Қаңтар 18, 11:46
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Наурыздан бастап Қазақстанда пойыз билеті қымбаттайды

Наурыздан бастап Қазақстанда пойыз билеті қымбаттайды

Қаңтар 18, 2021
Ақмолада мүгедек әйел өрттен құтқарылды

Ақмолада мүгедек әйел өрттен құтқарылды

Қаңтар 18, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»