Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Шымкенттіктер мегаполистік болғандарына өкініп отыр

Жыл сайын күз басталғаннан мүлік, жер, көлік салықтарын төлеу туралы хабарламалар жер жерде жарияланады. «1 қазанға дейін салық төленбесе өсімпұл қосылады» деген хабарламалардан соң салық мекемелеріндегі ұзын сонар кезек қалыпты жағдайға ұласқан.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 30, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
salik
142
қаралым

Ал, биылғы Шымкент қаласындағы салық мекемелері алдындағы кезек нөпірдің жөні бөлек.  Қалаға қарасты төрт аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының алдында бірнеше күннен бері ұзын-сонар кезек пен айқай-шу. Себебі, мүлік салығына  келген түбіртектектегі төлем елдің есін алған.

Мәселен, Қаратау ауданы аумағында тұратын Айгүл есімді тұрғын осы уақытқа дейін 7 мың теңге көлемінде мүлік салығын төлеп жүрген екен. Биыл төлеуі тиіс салық көлемі 28000 теңгеге өскен. Қандай да бір түсінбестік болған шығар деп бірнеше күннен бері тиісті мекемемен байланыса алмаған соң, басқармаға келіпті. «Жұмыстан сұранып арнайы келдім. Алайда таңертең келгеніммен түске дейін кезек күтіп,  енді кіріп шықтым. Биыл салық төлеу қымбаттап кеткенін айтады. Алайда, жөні түзу жауап ала алмадым. Ешқайсысы мардымды жауап бермейді. Төленуі тиісті салық құнын жылжымайтын мүлік орталығы шығарып береді, сол жақтан есептетіңіздер деп отыр. Бірнеше есікке кіріп, үйіміз бен жеріміздің салығын артық есептеп қойғанын біліп шықтым. Енді 28000 емес, 16 700 теңге көлемінде қаржы төлейтін болдым. Жеріміз бен үйіміз жеке-жеке есептеліп кеткен екен.  Білуімше, салықтың ұлғаюы тұратын аймағымызға да байланысты өзгеретін сияқты» дейді қала тұрғыны Айгүл.

Шымкент қаласы 2018 жылы республикалық маңызға ие қала атанды. Салық кодексінің 529-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қалалықтар үшін салық көлемі 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап көтерілуі тиіс. Алайда тәртіп бойынша қазіргі төленіп жатқан салықтар 2019 жылдың төлемі. Заңда 2020 жылдан бастап деп жазылған. Жиналғандардың да ашуына тиіп тұрғаны осы мәселе.

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Бауыржан Омартаевтың түсіндіруінше  Салық кодексінің 529 бабының 1 тармағына сәйкес, ағымдағы жылы мүліктің бір шаршы метрінің базалық құны 36,0 мың теңгеден 60,0 мың теңгеге өскен. Осыған байланысты есептелінген салық соммасы да тиісінше өсіпті. «Бағалау құнын уәкілетті орган бекітеді. Яғни, азаматтарға арналған үкіметтен келген мәлімет бойынша жұмыс істейміз. Бізге жылжымайтын мүлік орталығынан келіп түскен ақпарат негізінде қаламазда тұратын әрбір тұрғынның мүлік салығы (пәтер, гараж, дача және жер)  арнайы бағдарламамен автоматты түрде есептелінеді. Сонымен қатар, салық органдары тарапынан жеке тұлғалардың мүлік салығы, Салық кодексінің 531 бабына сәйкес салық салу объектiлерiнiң құнын, уәкілетті орган «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласының филиалы айқындап, Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынған мәліметіне сәйкес есептеледі» дейді салық мекемесінің өкілі.

Жерді игеру ғарыштан басталады

Қазақтың жері ешқашан шетелдікке сатылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Биыл күн қашан және қалай тұтылады?

Сондай-ақ, салық төлеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ, есептелген салық сомалары туралы ақпараттарды Еsalyq қосымшасындағы жеке тұлғалардың алдағы төлемдерді төлеу қызметі сервисі арқылы және екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы (Каспий, Халық банктері) білуге және онлайн түрде төлеуге болады екен. Сұрақтар туындаған жағдайда, 1414 нөмірі арқылы «Байланыс орталығына» хабарласу арқылы ақпарат алу мүмкіншілігі қарастырылғанын атап өтті бөлім басшысы.

Алайда, жиналғандардың мұны елдегі пандемия жағдайында шықпа жаным шықпамен күн көріп отырған халықты қанау деп есептейді. «Бизнес өкілдерінен ала алмаған салықты бізден өндіріп алмақшы ма, бұл не деген сорақылық. Дәл қазір мұндай көлемдегі салықты төлеуге мүмкіндігіміз жоқ» дейді жиналғандар.

Сонымен, шымкенттіктер мегаполистік болғандарына дәл қазір риза емес. Мемлекет қоржынына қомақты қаржы құюға қалтасы көтермейді. Алайда, заңға бағынуға тағы тура келіп тұр. Дегенмен, бірнеше есе көбейген салық төлемінің неге бір жыл бұрын есептегендеріне ешкім түсіне алар емес. Басқа басқа карантин кезінде уәкілетті органның мұнысы дұрыс болмады.

Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы.

 
Тегтер: жеркөлік салықтарымегаполиcмүліксалық
Алдыңғы жаңалық

Қандастар Түркістанда бас қосты

Келесі жаңалық

Нұр-Сұлтан әуежайынан 1,7 миллиард теңге жымқырған бас есепші өзіне-өзі қол салмақ болған

Ұқсас жаңалықтар

Алматы, басқарма, жемқорлық
Жаңалықтар

Алматыда басқарма басшысы не үшін ұсталды?

Қаңтар 18, 2021
Димаш Құдайберген, Джо Байден, инаугурация
Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Джо Байденді ұлықтау апталығында өнер көрсетті

Қаңтар 18, 2021
карантин
Жаңалықтар

20 қаңтардан бастап бір өңірде карантин күшейтіледі

Қаңтар 18, 2021
Наурыздан бастап Қазақстанда пойыз билеті қымбаттайды
Жаңалықтар

Наурыздан бастап Қазақстанда пойыз билеті қымбаттайды

Қаңтар 18, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда басқарма басшысы не үшін ұсталды?

Қаңтар 18, 14:27

Димаш Құдайберген Джо Байденді ұлықтау апталығында өнер көрсетті

Қаңтар 18, 14:11

20 қаңтардан бастап бір өңірде карантин күшейтіледі

Қаңтар 18, 13:55

Наурыздан бастап Қазақстанда пойыз билеті қымбаттайды

Қаңтар 18, 13:33

Ақмолада мүгедек әйел өрттен құтқарылды

Қаңтар 18, 13:16

Прокурор бұрынғы Энергетика министрінің орынбасарын 10 жылға соттауды сұрады

Қаңтар 18, 12:58

Шымкентте кейуананы өз қыздары мен күйеу балалары соққыға жыққан

Қаңтар 18, 12:36
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Алматы, басқарма, жемқорлық

Алматыда басқарма басшысы не үшін ұсталды?

Қаңтар 18, 2021
Димаш Құдайберген, Джо Байден, инаугурация

Димаш Құдайберген Джо Байденді ұлықтау апталығында өнер көрсетті

Қаңтар 18, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»