Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Павлодар антирекордтан алда келеді

Павлодар жұртшылығы «жаңа өндіріс орны ашылады» деген жаңалықты үреймен қабылдайтындай деңгейге жетті. Елдегі энергетика, тау-кен, алюминий өндірісі саласындағы алпауыт кәсіпорындар шоғырланған өңірдің экологиялық ахуалы қандай деңгейде екені айтпаса да түсінікті. Соған қарамастан облыс басшылығы табысты инвестицияның жетегінде тағы бір тың өндіріс ошағын ашуға ниеттеніп отыр. Ол – кальций содасын өндіретін зауыт. Мамандар бұл  кәсіпорынның қоршаған ортаға келтіретін залалы орасан дейді.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 30, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
ekologia1
32
қаралым

 

Антирекорд

Экология мәселесіне келгенде Пав­лодар облысы антирекорд орнатудан ал­дына жан салмайды. Қазақстанның Эко­логия министрлігі таратқан ресми мә­ліметтерге сүйенсек, өткен жылы елі­міз бойынша өндіріс орындарынан ауаға тараған зиянды заттардың мөлшері 2,4 млн тонна болған. Оның 717 мың тоннасы павлодарлық кәсіпорындардың үлесіне тиіп отыр. Соңғы үш жылда аталған өңір­дегі бұл көрсеткіш 14 пайызға, яғни 100 мың тоннаға артқан.

Өнеркәсібі дамыған өңір

Нұр-Сұлтанда супермаркеттердің біріне 10 мың дана экодорба таратылады

Қалада тыныс алу қиындады

Аймақ онкология, жүрек-қан та­мыр­лары аурулары бойынша да респуб­ликада «үздіктер» қатарында. Тағы бір антирекорд елдегі карантин кезінде тіркелді. Павлодар облысында жыл басы­нан бері пневмониядан 500-ге жуық адам көз жұмған. Мұның тақырыпқа не қатысы бар дерсіз? Мамандар лас ауа жергілікті тұрғындардың иммунитетін әб­ден әлсіретіп бітірді деп есептейді. Сал­дарынан олар қарапайым тұмаудың өзіне қарсы келе алмауда.

Еліміз бойынша ауаға тарайтын өн­дірістік зиянды қалдықтардың ең көп мөлшері біздің облысымызға тиесілі. Павлодар пневмониядан көз жұм­ған­дардың саны бойынша да елдің алдында. Бұл жай сәйкестік емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары атмосфераны ластайтын зиянды заттар адам иммунитетін едәуір төмендететінін дәлелдеп отыр. Ал елде тараған қауіпті кесел бірінші кезекте иммунитетке кері әсер ететіні белгілі, – дейді павлодарлық «Эком» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Светлана Могилюк.

 

Пайдасынан зияны басым

Құрылысы жоспарланған жаңа кәсіп­орынның жырына оралайық. Мұнда ел нарығында зор сұранысқа ие кальций содасын өндіру көзделген. Бүгінде Қа­зақстан аталған өнімді шетелден экспорт­тайды. Алайда елде жоқ өндірісті іске қосып, шаш-етектен пайдаға кенеле қоя­мыз деген жергілікті биліктің бастамасына қоғам белсенділері мен тұрғындар түбе­гейлі қарсы келіп отыр. Ол түсінікті де. Кә­сіп­орынның жобалық құжаттарына көз жүгіртсек, кальций содасының өндірісінен жылына 2 млн текше метр көлемінде сұйық зиянды қалдықтар шығады. Сондай-ақ ауаға 1 200 тонна көлемінде өндірістік қалдықтар тарайды. Яғни, бір тонна дайын өнім алу үшін он тонна қоқыс қоршаған ортаға шығарылады. Онымен қоймай, қала іргесіне салынуы тиіс зауыт Ертіс өзенінен 2,5 млн  текше метр су тұтынады деп жоспарланған.

Экологиялық технологиялар бойынша құзырет орталығының директоры Ахан Өмірбек аталған кәсіпорын жобасы ескі технологияға негізделгенін айтуда.

Сұйық қалдықтарды далаға төгу эко­­логиялық апатқа әкеледі. Павлодар об­лысының аумағындағы барлық зауыт  мұндай көлемде су пайдаланбайды. Мен облыс орталығында бұл кәсіпорынның салынуына түбегейлі қарсымын. Олардың басты мақсаты – өндіріс құнын арзандату. Қоршаған ортаны ойлап жатқан ешкім жоқ, – дейді Ахан Өмірбек.

Халықтың қарсылығына қарамастан об­лыстың құзырлы органдары кальций со­да­сын өндіретін зауыт құрылысы бо­йын­ша бірнеше рет қоғамдық тыңдау ұйым­дастырды. Барлық тыңдау сәт­сіз аяқталды.  Биліктегілердің беті қай­тпай­тын сияқты. Павлодар облысының Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бас­­шысы Қадылжан Сәтиев тұрғындар мен экология бағытында жұмыс істейтін қо­ғамдық ұйымдар өкілдерінің пікірі ес­керіліп, кәсіпорын жобасына түзетулер енгізілетінін мәлімдеді. Сәйкесінше, бұл мә­селе тағы да қоғамдық тыңдауға шы­ғарылатын сыңайлы.

 

Әкім уәде берді

Қоғам белсенділері кальций содасы зауытының құрылысына қатысты мәселені өткен айда Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің алдында да көтерді.

Павлодар облысында қоршаған ортаға қосымша зиянын тигізетін жаңа өндіріс орындарын салуды тоқтату қажет, – деді «Эком» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Светлана Могилюк.

– Егер қоршаған ортаға келтірілетін зиян көлемі тым арта түсетін болса, онда жаңа өндіріс орындарын салудан бас тарту қажет. Жаңа Экологиялық кодексте мұндай ұстаным қарастырылады, – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Ал Павлодар облысының әкімі Әбіл­қайыр Ысқақов экологиялық тұр­ғыдан жаңа өндіріс орындарының сан­ын шектеу мәселесін қарастыруға уәде берді. Алайда бұл уәде кальций содасын өндіретін кәсіп­орынға жатпайтын сыңайлы. Себебі жыл соңына дейін аталған зауыт құрылысына қатысты тағы бір қоғамдық тыңдау өткіз­ілуі мүмкін.

 

Данияр ЖҰМАДІЛОВ

 

 

 
Тегтер: антирекордкәсіпорынМағзұм Мырзағалиевэкология
Алдыңғы жаңалық

Нұр-Сұлтан әуежайынан 1,7 миллиард теңге жымқырған бас есепші өзіне-өзі қол салмақ болған

Келесі жаңалық

«Праймериз – 2020»: 400-ге жуық елордалық ашық дебатқа қатысты

Ұқсас жаңалықтар

Әлия Әбсеметова
Жаңалықтар

Әлия Әбсеметова: Халықты толғандыратын мәселені шешуге атсалысамын

Қаңтар 23, 2021
Қостанай
Жаңалықтар

Қостанай облысында көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 23, 2021
Жұмағұлов
Жаңалықтар

Жұмағұлов – Альбази жекпе-жегінің уақыты өзгерді

Қаңтар 23, 2021
Нұр-Сұлтан
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер берілді

Қаңтар 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлия Әбсеметова: Халықты толғандыратын мәселені шешуге атсалысамын

Қаңтар 23, 22:13

Қостанай облысында көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 23, 21:48

Жұмағұлов – Альбази жекпе-жегінің уақыты өзгерді

Қаңтар 23, 21:20

Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер берілді

Қаңтар 23, 20:50

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын неге жұмсайтыны белгілі болды

Қаңтар 23, 20:24

Садриддин Ахмедов Геннадий Головкиннің биігіне жете алады – ESPN сарапшысы

Қаңтар 23, 20:06

Түркістан облысында қатты бораннан республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Қаңтар 23, 19:44
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Әлия Әбсеметова

Әлия Әбсеметова: Халықты толғандыратын мәселені шешуге атсалысамын

Қаңтар 23, 2021
Қостанай

Қостанай облысында көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»