Көмір тапшылығы бола ма?
Көмір тапшылығы бола ма?
106
оқылды

Министрдің айтуынша, биыл көмір тапшылығы болмайды.

«Алдағы жылыту маусымына отын қажеттілігі 1 237 мың тонна көмір мен 214 мың тонна мазутты құрайды. Бүгінгі күні 1 139 мың тонна көмір және 144 мың тонна мазут дайындалды. Қазандықтар үшін мазутты сатып алудың қарқыны Ақмола, Жамбыл облыстарында төмен екені байқалады. Әкімдіктер автономды қазандықтар үшін отынды уақтылы сатып алу және әкелу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауы қажет», – деді Бейбіт Атамқұлов.

Көмір өндіруші компаниялар 8 айында 69 млн тонна көмір өндірді, бұл былтыр тиісті кезеңіне сәйкес келеді. Көмірді экспорттау 18,5 млн тоннаны құрады.

«2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтар мен халыққа арналған көмір тұтыну көлемі шамамен 10 млн тоннаны құрады, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 2,8 млн тонна, тұрғындар – 7,2 млн тонна болады. 2020 жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы жоспарға сәйкес көмір қорымен коммуналдық-тұрмыстық сектор 76, тұрғындар 65 пайыз қамтамасыз етілді. Барлық аймақтарда көмір қоры дайындалған және тапшылық жоқ. Өңірлер көмірді кестеге сәйкес жеткізіп жатыр», – деді министр.

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, осы кезге дейін теміржол көлігімен 22,1 млн тонна көмір тасымалданды.