Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

13 мың бала қосымша білім алып жатыр

Мектебімен қауышуға асығып жүрген оқушыларда есеп жоқ. Білім ордасының есігін айқара ашуға елдегі эпидемиялық ахуал кедергі. Штаттық режимге қашан көшірілетіні әзірге белгісіз. Мектептерін аңсаған бүлдіршіндер елордада да көп. Бірақ қосымша білім беретін орталықтарда  мыңдаған бала білім алып жүр.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 30, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
kosimsha bilim
43
қаралым

Нұр-Сұлтан қаласы Білім бас­қармасы басшысының орын­басары Бағлан Сма­таева­ның сөзіне қарағанда, қосымша білім беретін орта­лықтар ша­һарда қыркүйектің басынан бері жұмыс істей бастаған. «Өздеріңіз біле­тіндей, елордада қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Қосымша білім беру ұйым­да­рында оқу үрдісі музыка, өнер және көркемсурет мек­тептерінде 1 қыркүйекте бас­талды. Алдын ала жазылу бойын­ша ата-ана­лардың өтініші және мұғалім­дердің келісімі негізінде кезекші топтар ұйымдастырылды. Онда­ғы балалардың саны – 13 163», – деді Б. Сматаева баспа­сөз мәсли­хатында.

Сабақтар қашықтан, жеке түрде және 15 баладан аспайтын кезекші топта өткізіледі. Жеке сабақтарда шектеу бар. Яғни, бір балаға тек бір мұғалім болуы тиіс. Тәртіп солай. Сабақтың ұзақ­тығы штаттық режимде – 40 ми­нут, он­лайн түрде 15-тен 30 ми­нутқа дейін. «Әрине, сабақ өткізу кезінде мұғалімдер жалпы білім беру мектептерінің сабақ кес­тесін бас­шы­лыққа алады», – деді Сматаева.

«Қаламыздағы барлық білім беру ұйымдарында санитарлық талаптар қатаң сақталуын қада­ғалап отырмыз. Сани­тайзерлер, туннельдер, кілем­шелер, теп­ловизорлар орнатылды. Сондай-ақ дезинфекциялау құрал­дары­ның қоры бар. Әрине, ата-аналар мектептің штаттық ре­жимге кө­шуін сұрап жат­қан­дарын тү­сінеміз. Бірақ мек­тептерді штат­тық режимге кө­шіру елдегі эпи­демиялық жағдай­ға бай­ланысты болады. Біз өз кезе­гімізде бала­лардың үздіксіз білім алуы үшін барлық жағдайды жа­саймыз», – деді елордалық Білім басқармасы басшысының орынбасары.

Мемлекет басшысы биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырды

Екпе мен аутизм: байланыс қандай?

Ақпаннан бастап 1-2 сынып оқушылары мектеп асханаларында тегін тамақтанады

Коронавирустың екінші тол­қыны Америка мен Еуропа елде­рінде басталды. Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдыңғы қателіктерден сабақ алып, барынша дайын болу кере­гін ескерткен болатын. Осы ретте ата-аналар мен оқушы­лар­дың, ұстаздардың да карантин талап­тарын қатаң сақтағаны керек-ақ. Себебі вирустық ин­фек­циялар балаларға сирек жұға­ды десе де, елі­мізде мектеп жа­сындағы оқу­шылардың жұқ­тыр­ған дерек­тері тіркеліп отыр. Жаңа оқу жылы басталғалы елор­дада мұға­лімдер арасында коро­навирус жұқ­тыр­ғандар жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қала­­сының бас са­ни­тарлық дәрігері Жанна Пірә­лиева мәлімдеген еді.

Сонымен қатар осыған дейін бірнеше кезекші сыныпқа сабақ беретін мұғалімнен коронавирус анықталса, онда мектеп жабылуы мүмкін деген ақпарат тараған. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова осылай ескерткен. «Егер сыныпта бір оқу­шыдан коронавирус ин­фек­циясы анықталатын болса, ма­ман­дар эпи­демиялық тексеріс жүргізеді. Сол сыныптың оқу­шылары, сабақ беретін мұға­лімдер және инкубациялық ке­зеңде тығыз қарым-қатынаста болғандар оқшауланады» деген. Содан соң зертханалық тексеріс жүргізіледі. «Егер ауру бірнеше сыныпта немесе әртүрлі сыныпқа сабақ берген мұғалімдерден анық­­­талса, онда аурудың одан ары таралуына жол бермеу мақ­сатында мектеп толық жабылуы мүмкін», – деген еді Айжан Ес­мағамбетова.

 

Исмаил ҚУАНЫШ

 

 

 
Тегтер: балабілімқосымша біліммектепоқушы
Алдыңғы жаңалық

«Праймериз – 2020»: 400-ге жуық елордалық ашық дебатқа қатысты

Келесі жаңалық

Полицейлер деструктивті діни ағымды насихаттаған күдіктіні ұстады

Ұқсас жаңалықтар

Жалғас Жұмағұлов
Жаңалықтар

«Ел туын биік көтере алмадым»– Жалғас Жұмағұлов

Қаңтар 26, 2021
410
Жаңалықтар

Табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған

Қаңтар 26, 2021
Доллар
Жаңалықтар

Доллар бағасы қымбаттады

Қаңтар 26, 2021
вакцина
Жаңалықтар

Облыстың бас санитары мен басқарма басшысы бірінші болып вакцина салдырады

Қаңтар 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ел туын биік көтере алмадым»– Жалғас Жұмағұлов

Қаңтар 26, 23:50

Табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған

Қаңтар 26, 23:26

Доллар бағасы қымбаттады

Қаңтар 26, 22:49

Облыстың бас санитары мен басқарма басшысы бірінші болып вакцина салдырады

Қаңтар 26, 22:33

Садриддин Ахмедов төрт титул үшін айқасқа түседі

Қаңтар 26, 21:54

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Қаңтар 26, 21:32

Полицейлер есірткі сататын 250-ге жуық сайтты анықтады

Қаңтар 26, 21:05
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Жалғас Жұмағұлов

«Ел туын биік көтере алмадым»– Жалғас Жұмағұлов

Қаңтар 26, 2021
410

Табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған

Қаңтар 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»