13 мың бала қосымша білім алып жатыр

13 мың бала қосымша білім алып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласы Білім бас­қармасы басшысының орын­басары Бағлан Сма­таева­ның сөзіне қарағанда, қосымша білім беретін орта­лықтар ша­һарда қыркүйектің басынан бері жұмыс істей бастаған. «Өздеріңіз біле­тіндей, елордада қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Қосымша білім беру ұйым­да­рында оқу үрдісі музыка, өнер және көркемсурет мек­тептерінде 1 қыркүйекте бас­талды. Алдын ала жазылу бойын­ша ата-ана­лардың өтініші және мұғалім­дердің келісімі негізінде кезекші топтар ұйымдастырылды. Онда­ғы балалардың саны – 13 163», – деді Б. Сматаева баспа­сөз мәсли­хатында. Сабақтар қашықтан, жеке түрде және 15 баладан аспайтын кезекші топта өткізіледі. Жеке сабақтарда шектеу бар. Яғни, бір балаға тек бір мұғалім болуы тиіс. Тәртіп солай. Сабақтың ұзақ­тығы штаттық режимде – 40 ми­нут, он­лайн түрде 15-тен 30 ми­нутқа дейін. «Әрине, сабақ өткізу кезінде мұғалімдер жалпы білім беру мектептерінің сабақ кес­тесін бас­шы­лыққа алады», – деді Сматаева. «Қаламыздағы барлық білім беру ұйымдарында санитарлық талаптар қатаң сақталуын қада­ғалап отырмыз. Сани­тайзерлер, туннельдер, кілем­шелер, теп­ловизорлар орнатылды. Сондай-ақ дезинфекциялау құрал­дары­ның қоры бар. Әрине, ата-аналар мектептің штаттық ре­жимге кө­шуін сұрап жат­қан­дарын тү­сінеміз. Бірақ мек­тептерді штат­тық режимге кө­шіру елдегі эпи­демиялық жағдай­ға бай­ланысты болады. Біз өз кезе­гімізде бала­лардың үздіксіз білім алуы үшін барлық жағдайды жа­саймыз», – деді елордалық Білім басқармасы басшысының орынбасары. Коронавирустың екінші тол­қыны Америка мен Еуропа елде­рінде басталды. Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдыңғы қателіктерден сабақ алып, барынша дайын болу кере­гін ескерткен болатын. Осы ретте ата-аналар мен оқушы­лар­дың, ұстаздардың да карантин талап­тарын қатаң сақтағаны керек-ақ. Себебі вирустық ин­фек­циялар балаларға сирек жұға­ды десе де, елі­мізде мектеп жа­сындағы оқу­шылардың жұқ­тыр­ған дерек­тері тіркеліп отыр. Жаңа оқу жылы басталғалы елор­дада мұға­лімдер арасында коро­навирус жұқ­тыр­ғандар жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қала­­сының бас са­ни­тарлық дәрігері Жанна Пірә­лиева мәлімдеген еді. Сонымен қатар осыған дейін бірнеше кезекші сыныпқа сабақ беретін мұғалімнен коронавирус анықталса, онда мектеп жабылуы мүмкін деген ақпарат тараған. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова осылай ескерткен. «Егер сыныпта бір оқу­шыдан коронавирус ин­фек­циясы анықталатын болса, ма­ман­дар эпи­демиялық тексеріс жүргізеді. Сол сыныптың оқу­шылары, сабақ беретін мұға­лімдер және инкубациялық ке­зеңде тығыз қарым-қатынаста болғандар оқшауланады» деген. Содан соң зертханалық тексеріс жүргізіледі. «Егер ауру бірнеше сыныпта немесе әртүрлі сыныпқа сабақ берген мұғалімдерден анық­­­талса, онда аурудың одан ары таралуына жол бермеу мақ­сатында мектеп толық жабылуы мүмкін», – деген еді Айжан Ес­мағамбетова.  

Исмаил ҚУАНЫШ