Астанада арбат салынады
Астанада арбат салынады
Жаяу жүргіншілер демалатын арбат Жастар сарайы мен Қалеки театрының арасындағы аумақты байланыстырады. Республика даңғылы жағындағы фонтан қайта жөнделіп, ол жылғаға қарай ағатын етіп жасалады. Ал  жылға бойында балаларға арналған сумен ойнайтын элементтер орнатылады.  Бұған қоса, арбат аумағында аспалы әткеншек орнатылмақ.  Балалар үшін жеке спорт және ойын алаңдары, тыныш аумақ, коуоркинг орталық сынды тегін семинар мен тіл сабағын өткізуге арналған жеке зоналар жасалады. «Бейбітшілік көшесінен Республика даңғылына дейін веложол саламыз. Мемлекет басшысы бұқаралық спорттың дамуына ерекше көңіл бөледі. Себебі кәсіби спорт пен салауатты өмір салтына дейінгі жол аула спорты – қоғамдық кеңістіктер мен аулалардан басталады. Олар әр адамға қолжетімді болуы тиіс. Биыл 54 ірі қоғамдық кеңістік пен 150 аула жасап, абаттандырдық. Мұның өзі ғана 300 мыңнан астам адамды қамтуға мүмкіндік берді. Бұл жұмыстарды келесі жылы да жалғастырамыз» деп жазды Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында.  

Тұмар МЫРЗА