Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

АИТВ диагнозы соңғы үкім емес

Әлемде 5 минут сайын 10 адам АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясын жұқтырады. Сол 10 жағдайдың 8-інде инфекция жыныстық қатынас арқылы жұғатынын жалпақ жұрт біле бермейді. «Себебі ел арасында АИТВ есірткі қолданатындар ара­сында ғана жұғады деген сыңаржақ түсінік қалыптасып қалған», – дейді Нұр-Сұлтандағы ЖИТС (жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы) орталығының бөлім меңгерушісі Жанна Айтмағанбетқызы.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 30, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
AITB
26
қаралым

Оның айтуынша, АИТВ туралы ақпараттың көптігіне қарамастан, ол туралы бұрмаланған пікір баршылық.

«Мысалы, АИТВ жұқтырған адам міндетті түрде ЖИТС-пен ауырады деген түсінік бар. Бұл дұрыс емес. Иммунитет тапшылығы синдромы атышулы  инфекцияның төртінші, яғни соңғы кезеңі,  ем мен жүйелі ме­ди­циналық бақылаудың арқасында АИТВ-инфекциясын ЖИТС-ке ұластырмауға болады. АИТВ мен ЖИТС терминдері бір-бірімен бай­ланысты, бірақ синоним емес», – дейді ол.

Бізде  есірткі қолданбаймын, мен неге АИТВ-ға қатысты тест тап­сыруым керек деген пікір басым.  Ал дәрігерлер  ешкімнің бет әлпетінен оның АИТВ-статусын бағалау мүмкін емес екенін айтады.

«Бізге АИТВ емделмейтін бол­са, дәрі ішудің қажеті бар ма де­ген сұрақты жиі қояды. АИТВ-инфек­циясын емдеуге арналған дәрі-дәр­мектер ағзаны вирустан толық арылтпайды. Алайда олар аурудың дамуын бақылауға және асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді, бұл АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың ұзақ өмір сүруіне, жұмыс істеуіне, оқуына, отбасын құруына  мүмкіндік береді. Емдеу неғұрлым ерте басталса, онымен өмір сүру ұзақтығы соғұрлым жоғары болады», – дейді Жанна Айтмағанбетқызы.

Антиретровирустық терапияны уақытылы бастау және жүйелі түрде дәрі қабылдау иммундық жүйенің маңызды бөлігі саналатын және вируспен күресуге жауап беретін CD4 және CD8 жасушаларының саны мен арақатынасын сақтауға көмектеседі екен. Емдеу жүргізілмесе,  CD4 жасу­шалары  азайып, жоғалады, адам ағзасы вирустарға, бактерияларға, саңырауқұлақтарға, екінші дәрежелі инфекцияларға қарсы тұра алмай қалады, салдарынан өлімге немесе ЖИТС сатысына өтуіне алып келеді. Тиімді антиретровирустық емнің арқасында вирустың басқа адамға берілмейтіні ғылымда дәлелдеген. Сондықтан дәрігерлер АИТВ-инфек­циясының алдын алуға көмектесетін ережелерді сақтауға,  ол  туралы   ой­дан шығарылған жалған фактілерге сенбеуге  шақырады.

Медициналық мекемелер көбейіп жатыр

Жасөспірім Бауыржан ВИЧ дертіне шалдыққанын 5 жасында білген

Ол да өмір сүруге құқылы

 

Айдана БЕГІМ

 

 

 
Тегтер: АИТВАИТВ диагнозыЖИТСиммун тапшылығы вирусы
Алдыңғы жаңалық

Телефонын қуаттап жатқанда қайтыс болған қыздың өліміне қатысты тың деректер шықты

Келесі жаңалық

Президент қайырымдылық жобаларға жұмсалатын қаржыны бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан
Жаңалықтар

Түркістан облысында қыс қаһарына мініп, аяз күшейді

Қаңтар 22, 2021
ШҚО
Жаңалықтар

ШҚО-да карантин шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды

Қаңтар 22, 2021
Ақтөбе
Жаңалықтар

Белорусиялық маман «Ақтөбенің» бас бапкері атанды

Қаңтар 22, 2021
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Жаңалықтар

Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды

Қаңтар 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында қыс қаһарына мініп, аяз күшейді

Қаңтар 22, 21:42

ШҚО-да карантин шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды

Қаңтар 22, 21:31

Белорусиялық маман «Ақтөбенің» бас бапкері атанды

Қаңтар 22, 20:54

Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды

Қаңтар 22, 20:28

СҚО-да көлікке мінген 6 жасар бала әйелді 2 баласымен бірге қағып кеткен

Қаңтар 22, 20:21

Елбасы елорда әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Қаңтар 22, 19:15

Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады

Қаңтар 22, 19:09
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Түркістан

Түркістан облысында қыс қаһарына мініп, аяз күшейді

Қаңтар 22, 2021
ШҚО

ШҚО-да карантин шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды

Қаңтар 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»