АИТВ диагнозы соңғы үкім емес
АИТВ диагнозы соңғы үкім емес
228
оқылды
Оның айтуынша, АИТВ туралы ақпараттың көптігіне қарамастан, ол туралы бұрмаланған пікір баршылық.
«Мысалы, АИТВ жұқтырған адам міндетті түрде ЖИТС-пен ауырады деген түсінік бар. Бұл дұрыс емес. Иммунитет тапшылығы синдромы атышулы  инфекцияның төртінші, яғни соңғы кезеңі,  ем мен жүйелі ме­ди­циналық бақылаудың арқасында АИТВ-инфекциясын ЖИТС-ке ұластырмауға болады. АИТВ мен ЖИТС терминдері бір-бірімен бай­ланысты, бірақ синоним емес», – дейді ол.
Бізде  есірткі қолданбаймын, мен неге АИТВ-ға қатысты тест тап­сыруым керек деген пікір басым.  Ал дәрігерлер  ешкімнің бет әлпетінен оның АИТВ-статусын бағалау мүмкін емес екенін айтады.
«Бізге АИТВ емделмейтін бол­са, дәрі ішудің қажеті бар ма де­ген сұрақты жиі қояды. АИТВ-инфек­циясын емдеуге арналған дәрі-дәр­мектер ағзаны вирустан толық арылтпайды. Алайда олар аурудың дамуын бақылауға және асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді, бұл АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың ұзақ өмір сүруіне, жұмыс істеуіне, оқуына, отбасын құруына  мүмкіндік береді. Емдеу неғұрлым ерте басталса, онымен өмір сүру ұзақтығы соғұрлым жоғары болады», – дейді Жанна Айтмағанбетқызы.
Антиретровирустық терапияны уақытылы бастау және жүйелі түрде дәрі қабылдау иммундық жүйенің маңызды бөлігі саналатын және вируспен күресуге жауап беретін CD4 және CD8 жасушаларының саны мен арақатынасын сақтауға көмектеседі екен. Емдеу жүргізілмесе,  CD4 жасу­шалары  азайып, жоғалады, адам ағзасы вирустарға, бактерияларға, саңырауқұлақтарға, екінші дәрежелі инфекцияларға қарсы тұра алмай қалады, салдарынан өлімге немесе ЖИТС сатысына өтуіне алып келеді. Тиімді антиретровирустық емнің арқасында вирустың басқа адамға берілмейтіні ғылымда дәлелдеген. Сондықтан дәрігерлер АИТВ-инфек­циясының алдын алуға көмектесетін ережелерді сақтауға,  ол  туралы   ой­дан шығарылған жалған фактілерге сенбеуге  шақырады.  

Айдана БЕГІМ