Дәрігерлер "ауру таратын банан" туралы хабарламаға түсініктеме берді
Дәрігерлер "ауру таратын банан" туралы хабарламаға түсініктеме берді
© Сурет ғаламтордан
417
оқылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі "ауру тарататын банандар" туралы таратылымға түсініктеме берді. Мессенджерлерде қауіпті вирус жұқтыратын банан туралы ақпаратты тарата бастады. Таратуда оңтүстіктен әкелінген жемістер әсіресе қауіпті болуы мүмкін екені айтылған. Сол жерде Қытайдың ауру жұқтырған азаматтары туралы ақпарат келтіріледі. "Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде және танымал WhatsApp мессенджерінде оңтүстіктен Қазақстанға әкелінген банандар туралы ақпарат таратылып жатыр. Авторлар осы жемістерді қолданған кезде сақ болуға шақырады. ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті сізге бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп ресми хабарлайды. Қазақстанда банан жеуден вирусты жұқтыру фактілері тіркелген жоқ",-деп хабарлады комитеттің баспасөз хатшысы Ержан Байтанаев. "Алаңдауға себеп жоқ. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - деді ол. Естеріңізге сала кетейік, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына елдің орталық бөлігінде орналасқан Ухань қаласында белгісіз пневмонияның өршуі туралы ақпарат берген болатын. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады - бұл коронавирус 2019-nCoV. Соңғы мәліметтер бойынша, тек Қытайдың өзінде 1287 адам бұл ауруды жұқтырғаны туралы белгілі, оның ішінде 41 адам қайтыс болды.