Жаңадан салынған үйлерге интернет орнату міндетеледі
Жаңадан салынған үйлерге интернет орнату міндетеледі
131
оқылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі халықты сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін бірнеше жоба әзірлеп жатыр.

Үкімет отырысында министр Бағдат Мусин жаңадан салынған үйлердегі интернет орнату мәселесін.

«Тұрғындар үшін ең бірінші интернет, газ, электр энергиясы, су өте қажет. Сол себепті, біз біраз заңнамалық өзгерістер жасаудамыз. Нақтысын айтқанда, кондоминимумдерге байланыс нысандарын алып тастауға тыйым салу керек. Жаңа үйлерді пайдалануға беру алдында міндетті түрде оны оптика желісімен қамтамасыз еткен дұрыс. Сондай-ақ интернеттің жылдамдығы туралы сапа талаптарын бекіткен жөн», – деді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, сапаны тікелей бақылау мен қадағалаудың да маңызы зор.

«Интернет сапасына халықтың бақылауын жүргізу үшін Bailanys.bar қызметі іске қосылды. Қазіргі уақытта оны 50 мыңнан астам адам қолдануда. Сонымен қатар, мемлекеттік бақылау мақсатында 17 жылжымалы өлшеу кешендері сатып алынып жатыр. Соның нәтижесінде халықтық және мемлекеттік бақылаудың деректері бір жүйеге жиналып, ары қарай операторлармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие боламыз», – деді министр.