«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар қоры» және «Nur-Otan» партиясының қолдауымен «Жас қазақ» халықаралық жастар ұйымымен бірлесіп үшінші рет Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат ұйымдастырылды.
Әлемге таралған пандемия салдарынан биыл шетелден қандас жастар келе алмады. Сол үшін «Киелі Қазақстан» жобасына еліміздің жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан студент жастар қатысты. Көршілес алыс-жақын шетелден келген 20 жас Түркістан облысы мен Шымкент қаласына саяхаттады.Жобаның басты мақсаты – қандастарымызды Қазақстанның киелі жерлерімен таныстырып, қандастарды қолдауға арналған түрлі бағдарламалар туралы ақпарат беріп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде білім, мәдени-гуманитарлық мүмкіндіктер жөнінде мәлімет жеткізіп, болашақта жиынға қатысқан этникалық қазақ жастарымен бірлесіп жұмыс істеу, қарым-қатынасты нығайтуға жол ашу.
Екінші күні қатысушылар киелі Түркістан қаласына барып тарихи орындарды аралап көрді. Шара соңында жастарға «Әлем қазақтары» деген кітап пен бағалы сыйлықтар табыс етілді.